жексенбі, 6 қазан, 2024 3:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыстағы аудандардың дамуында оң динамика бар

Облыстағы аудандардың дамуында оң динамика бар
ашық дереккөзі
Облыстағы аудандардың дамуында оң динамика бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ басшыларына аудандардың жағдайын жақсарту мәселесіне назар аудару керектігін тапсырды. Ол үшін аудан-ауылдарды дамыту мақсатында тұрғындардың әлеуметтік әлеуетін көтеру маңызды. Осы орайда, Меркі ауданының даму көрсеткіштеріне жік жігімен тоқталсақ. Айталық, ауданының дамуында оң динамика қалыптасқан.
Есепті кезеңде өнеркәсіп кәсіпорындарымен 13,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 66,3%-ды құрады.    Оның ішінде: тау-кен өндіру өнеркәсібі – 74,8 млн. теңге (НКИ -70,5%), өңдеу өнеркәсібі – 13333,9 млн. теңге (НКИ -65,0%), электр энергиясымен жабдықтау – 274,3 млн. теңге (НКИ – 51,6%), сумен жабдықтау – 191,8 млн. теңге (НКИ -112,2%).
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 34,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,0 %  құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 21,7 млрд. теңге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 98,1 %  құрады (2022 жылы 28,4 млрд. теңге, НКИ-108,5%).
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі барлығы 103 мың гектарға орналастырылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6724,8  гектарға арттық немесе 106,9 пайыз.
Аудан көлеміндегі 2023 жылғы өнім үшін себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі: күздік бидай – 27613,5 га, жаздық арпа – 29896,8 га, дәндік жүгері -1103,5 га, майлы дақылдар – 7477,9 га, қант қызылшасы 2901,9 га, картоп – 1038,6 га, көкөніс – 2426,1 га, бақша 504,3 га, жоңышқа 2107,6 га. Сонымен қатар 25874,5 гектар жерге көп жылдық жоңышқа орналастырылды.
Егін орағына, жалпы орылатын 57510,3 гектар орылып 52,9 мың тонна астық бастырылып орташа гектар қайтарымы 9,2 центнерді құрады.
2023 жылы аудан бойынша тіркелген техника 1171 дана, есепті кезеңде 1225,7 млн.теңгеге 158 дана техника сатып алынып, ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы 13,5 пайызды құрайды.
Мал шаруашылығы бойынша 13,3 млрд.теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 101,9 %  құрады (2022 жылы 12 млрд. 108,6 млн.теңге, НКИ-89,7%).
Есепті кезеңде төрт түлік малдың бәрінің  саны өсуде. Атап айтсақ: мүйізді ірі қара 1 мың 207 басқа (60584 бас, 102,0%), қой-ешкі          19 мың 666 басқа  (365289 бас, 105,7 %), жылқы 2 мың 863 басқа (21721 бас,              115,2 %), түйе 2 басқа (162 бас, 101,3 %), құс 3 мың 489 басқа (93223 бас, 103,9 %) көбейды.  (ал шошқа 768 басқа кеміді (389 бас, 33,6%).
      Бірінші қазанға 27954,9 тонна сүт, 6228,9 тонна ет, 1601,8 мың/дана жұмыртқа, 973,1 тонна жүн өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген сүт 315,3 тоннаға, ет 125,2 тоннаға,  жүн 1,0 тоннаға өсіп отыр.
Шағын және орта бизнес субъектілерініңде саны өсуде. Бүгін, тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8297 құрады            (2022 ж. – 6672 бірлік) оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 7313 бірлік              (2022 ж. – 5546 бірлік),  ондағы жұмысшылар саны – 9610 адам (2022 ж. – 8057 адам). Өткен жылдың тиісіті кезеңімен салыстырғанда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1625 бірлікке, жұмыс істеп тұрғандары шағын және орта бизнес
субъектілерінің саны - 1767 бірлікке, жұмысшылар саны – 1553 адамға ұлғайды.
     «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылдың 10 ай қорытындысымен жалпы  854,3 млн. теңгеге 72 жобаға қолдау көрсетілді (несиені субсидиялау –         36 жоба/526,9 млн. теңге, кепілдендіру – 34 жоба/274,0 млн. теңге және жетіспейтін инфрақұрылым тарту бойынша 84,4 млн. теңге).
       Бөлшек сауда айналымының көлемі 13,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,9 %-ға өсті (2022 ж. – 11217,4 млн. теңге). Көтерме сауда айналымы 5,7 млрд. теңге сомасында қалыптасып, 34,4 %  ұлғайды (2022 ж. – 3961,1 млн. теңге).
Негізгі капиталға 16,3 млрд. теңге инвестиция салынып, НКИ 124,4 %-ға құрады (2022 ж. – 12578,3 млн. теңге, НКИ - 111,9%). Оның ішінде бюджеттік қаражаты есебінен салынған инвестиция көлемі 3,2 млрд. теңге (2022 ж. – 2410,1 млн. теңге), жеке және қарыз қаражаты есебінен салынған инвестиция көлемі – 13,1 млрд. теңге  (2022 ж. – 10159,2 млн. теңге).
       Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бюджеттік инвестициялар 31,4 %, жеке және қарыз қаражаты есебінен салынған инвестициялар көлемі 29,5%-ға өскен.
      2023 жылдың қантар-қыркүйек айларында 9507,7 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылып, нақты көлем индексі – 100,0 % құрады.
      Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 35,8 мың шаршы метрді құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңінен 1,1 %-ға артты.
        2023 жылы 6 нысандағы 488,7 га  тұрғын алқабқа инженерлік инфрақұрылымының құрылысы (су жүйесі және электрмен жабдықтау) жүргізілуде. Оның ішінде: Тұрлыбай ауылында 7 га, Ақтоған ауылында60 га алқабтарға ауыз су жүйесі жүргізіліп, құрылысы аяқталды. Меркі ауылында 32 га, 77 га су жүйесінің құрылысы жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2023 жыл. Меркі 77 га, Меркі 32 га, Тескентоған 37,9 га, Аққайнар 45 га тұрғын алаптарына 35/10 кВ екі қосалқы станция, 2 тізбекті ӘЖ-35кВ электр желілерімен жабдықтау жүргізілуде,2024 жылға өтпелі. Тескентоған ауылындағы 37,9 га (су), Тескентоған ауылындағы 37,9 га және Аққайнар 45 га (электрмен жабдықтау) бойынша жұмыстары жүргізілуде, аяқталуы мерзімі 2023 жыл.
       Есепті кезеңде "Андас-1", "Андас-2"су тоғанының құрылысы жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2023 жыл , "Андас-3" су тоғанының құрылысы жүргізілуде, 2024 жылға өтпелі.
Аудандық бюджетке 8261,3 млн. теңге түсіп, жоспар 113,4 %-ға орындалды (976,1 млн. теңгеге артық). Оның ішінен, өзіндік кірістер 4121,2 млн. теңге түсіп, 33,5 %-ға артығымен орындалды. Трансферттер мен субвенция толық көлемде  түсті. 8548179,2 млн. теңге игеріліп, игерілуі 98,6 %-ды құрайды.
      Салық.  Бюджетке 6735,7 млн. теңге салық және басқа міндетті төлемдер  түсіп, болжам 122,8 %-ға орындалды (1249,0 млн. теңгеге артық). Оның ішінде республикалық бюджет – 105,7%, облыстық – 115,7 %, аудандық – 131,4 %.
Ауыз су  Ауданда 45 елді мекеннің 41-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, немесе 91,1% құрап отыр.
       2023 жылыорталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған Құмарық (сметалық құны: 37,8 млн.тенге), Қайындысай (сметалық құны –54,3 млн.тенге) ауылдарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.
Шалдовар бекеті (сметалық құны - 61,2 млн.тенге) және Кеңес (сметалық құны - 1 254,978 млн. тенге) ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылды.
Сонымен қатар ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту бойынша,Гранитогорск елді мекеніне (сметалық құны - 695,728 млн.тенге), Сыпатай ауылына (сметалық құны - 776,572 млн.тенге), Ақарал ауылына (сметалық құны       - 1 186,173 млн.тенге), Жамбыл ауылына (сметалық құны- 2 224 369 млн.тенге) орталықтандырылған ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, оң сараптама қорытындысы алынып,қаржыландыру мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылды. Ал Ойтал ауылдық округі, Меркі бекетіне және Меркі ауылдық округі, Меркі ауылдарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Су құбырларының тозығы жеткен Ақтоған ауылына (сметалық құны -  1 647,390 млн. тенге) ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыру мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылды.
45 елді мекеннің 42–да табиғи газ магистраль құбыры тартылған немесе қамтылуы 93.3% (халықпен есептегенде 84224 тұрғын 99,0%).
Ағымдағы жылы елді мекендерді табиғи газбен қамту мақсатында Қарасу ауылына облыстық бюджеттен 157,0 млн. теңге қарастырылып,  оның ішінде 50,0 млн. тенгесі 2022 жылға, ал қалған 107,0 млн. тенгесі 2023 жылға өтпелі. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар 2023 жылға Мыханды  ауылын көгілдір өтынмен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 108,0 млн. теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар 2023 жылға Мыханды  ауылын көгілдір өтынмен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 108,0 млн. теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары аяқталды.
Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 772,5 км, оның ішінде: Республикалық маңызы бар жол - 178 шқ., жақсы және қанағаттанарлық үлесі 100%, облыстық – 50,8 шқ, жақсы және қанағаттанарлық үлесі 100%, аудандық – 115,6 шқ., жақсы және қанағаттанарлық үлесі 95,8%. Сонымен қатар жалпы428,1 шқ., 453 көше, жақсы және қанағаттанарлық үлесі 91,1%.
Быйылаудандық 5 жолды жөндеуге 412,7 млн. теңге бөлінді. Ауылішілік 112 көше жолдарын жөндеуге 1,8 млрд. теңге қарастырылды.
Есепті кезеңде Жауғаш батыр, Аққөз қайнар, Мыңқазан, Ойранды – Сандық автомобиль жолдарының  жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. Сонымен қатар
Меркі ауданы аумағындағы орталық көшені кеңейтуге жобалау сметалық құжаттама әзірленіп сараптама алу жұмыстары жүргізілуде және аудандық мәндегі «Беларық Аспара» автомобиль жолының ішінара орташа жөндеу жұмыстарына, Меркі ауданы, Ойтал ауылдық округі аумағында орналасқан темір жолға «Аспалы көпір» салуға жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң нәтижесі күтілуде.
Есепті кезеңде Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 5221адам тартылып, жылдық жоспар (5758)90,6% орындалды.
1139 жаңа жұмыс орындары құрылды. Өткен жылмен салыстырғанда 38,6 пайызға артық. Оның ішінде 627 жұмыс орны тұрақты. Жұмыссыздар саны 1766-і құрап, жұмыссыздық дегейі 4,5 пайыз болып қалыптасты.
Қысқа мерзімді оқуға 130 адамға 23,9 млн.теңге бөлініп, «Айсұлу» ЖШС мен ЖК «Қалысбаев», оқу орталығымен келісім-шарт жасасып, 130 азамат жолдамамен жолданып, қазіргі таңда оқытылуда.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтарымсыз грант бойынша 100 адамға, 138,0 млн. теңге бөлініп, 100 азаматтарға 138,0 млн. теңге берілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша Әлеуметтік жұмыс орындарына 110 адам жоспарланып, 22 мекемемен келісім-шарт жасалынып, 110 адам жұмысқа жолданды. Олардың ішінен 27-сы жұмыстарын аяқтап, 27-де тұрақты жұмысқа орналасты (100%)
Жастар тәжірибесі бойынша Жастар тәжірибесіне 275 адам жоспарланып, 201 азамат жолдамамен жіберілді.
643 отбасындағы 3662 адамға 226 976 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді (2022 ж. - 726 отбасындағы 4038 адамға 236 950,0млн. теңге төленді).
1059 балаға 35 млн. 158,9 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындалды.
    Сонымен қатар, еңбек ардагерлеріне, жасы бойынша зейнеткерлерге, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге санаторлық-курорттық емдеу сауықтыруға 100 адамға (2022 ж. -75 адам), 13,8 млн. теңге (2022 ж. – 10,5 млн. теңге) бөлінді. Аудан көлемінде жалпы мүгедектер саны 2348 адам бар (2022 ж. -2495).
Үйде оқытуға жергілікті бюджеттен 2 млн. 865 мың теңге бөлініп, есепті кезеңге 19 млн. 738 мың теңге төленді.
Жеке көмекші қызмет бойынша 36 млн. 448мың теңге қарастырылып, есепті кезеңде жеке көмекші қызметіне 33 млн. 789 мың теңге төленді.
Туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұратындарға бюджеттен 24 млн. 191 мың теңге бөлініп, есепті кезеңде 14 млн. 984 мың теңгесі игерілді.
Бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін 9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ҰОС қатысушыларына 2 адамға, 3,0 млн. теңге, ҰОС тыл ардагерлеріне 152 адамға 7 млн. 600 мың, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 27 адамға, 1 млн. 350 мың теңге, Ауған соғысына қатысушыларына 60 адамға, 9,0 млн. теңге, Тәжікістан-Ауғанстан шекарасындағы соғысқа қатысқандарға 52 адамға, 7,8 млн. теңге, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқандарға 4 адамға, 600,0 мың теңге, Ирақтағы ҚР бітімгершілік миссиясына қатысқан 1 адамға, 150 мың теңге, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқандарға 14 адамға,              2,1 млн. теңге, Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге 175 адамға, 26,1 млн.теңге төленді.
35 жалпы орта білім беретін мектепте (5 – бастауыш,  30 – жалпы білім беретін мектептер; 24-і қазақ тілінде, 11-і қазақ және орыс тілдерінде) 16359 оқушы білім алуда. Мектептердің 28-і (80,0%-ы) типтік, 6-і (17,1%-ы) ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 1 мектеп балшықтан соғылған.
Мектеп бітіруші 606 оқушы ҰБТ-ге қатысты, бұл жалпы бітірушілердің 69,9 % құрайды (2022 жылы 546 оқушы, 66,1 % құрады).Аудан бойынша орташа балл – 79,2 балл болып, 2022 жылға қарағанда 1,9 балға өсіп отыр (2022 жылы 77,3 балл).
Ауданда 29 балабақша (16 мемлекеттік және 13 жекеменшік)және 10 шағын орталықтары жұмыс атқарады, оларда 3762 бала тәрбиеленуде. Есепті кезеңде 2-6 жас аралығында қамтылу үлесі 96,7 % құрады. 3-6 жас аралығында қамтылу үлесі 100% құрады.
Есепті кезеңде Ақжол ауылына 80 орындық (сметалық құны – 496,993 млн. теңге), Аспара ауылына 150 орындық (сметалық құны - 698,968 млн. теңге) мектеп құрылысы жүргізілуде.
Андас батыр ауылындағы №21 мектепке 150 орындық (сметалық құны – 744, 051 млн. теңге), Ойтал ауылындағы №48 мектепке 200 орындық (сметалық құны – 784, 597 млн. теңге),  қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде.
№39 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының кәріз жүйесін жөндеу үшін қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылды. Шатырын, жылыту жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Үміт» оқушылар сарайының шатыры мен ғимаратының келбетін жөндеу жұмыстары (сметалық құны - 29,767 млн. теңге) жүргізілді.
№4, 30 мектептерге ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өткізілді. №30 мектеп жоба құны 539 млн.743 мың теңге, №4 мектеп жоба құны 502 млн. 597 мың теңге.
Сондай-ақ, №19 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге жобалаушы мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.
«Қарлығаш» және «Балдаурен» бөбекжай - бақшаларын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба алды жұмыстары (сейсмологиялық қорытынды, геологиялық қорытынды, топографиялық түсірілім) жүргізіліп, ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау саласына  4,1 млрд. теңге бөлініп жыл соңына дейін игеріледі.
Есепті кезеңде 982 нәресте дүниеге келді (2022 ж. – 828 нәресте. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда дүниеге келген нәрестелер саны 154 ұлғайып, ана өлімі 1 фактіге өсіп тұр, шетінеген нәрестелер саны  2023 жылы 10 айында 10 жағдай, 2022 жыл 10 айында 12 жағдай, 2022 жылдың 10 айымен салыстырғанда 2 жағдайға азайған.
           Есепті кезеңде Ақкөз қайнар ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт ғимаратының (құны 119,339 млн. теңге) құрылысы жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланып отыр.
      «Меркі аудандық орталық ауруханасының гинекология бөлімін, ХҚО жұқпалы аурулар бөлімін, балалар бөлімін, қабылдау бөлімін қайта құру» жұмыстары жүргізілуде (жалпы құны 599,3 млн. теңге), аяқталуы 2023 жылы.
      Жеміс-жидек ауылындағы «Достық» дәрігерлік амбулатория ғимаратының (құны 38,219 млн. теңге), Кеңес ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратының (құны 39,201 млн. теңге) күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып халық игілігіне қайтадан берілді.
Мәдениет саласында есепті кезеңде барлығы 24888 адам қатысқан 1506 мәдени іс-шаралар өткізілді.
           Аудан бойынша кітап қоры 276024 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 155942 дана. Оқырмандар саны – 23213. Ауданның барлық кітапханалары интернет желісіне қосылған, «РАБИС» бағдарламалары орнатылған.
          Есепті кезеңде Ойтал ауылында 180 орындық (құны 224 млн 082 мың теңге), Мыңқазан ауылында 90 орындық (құны 191 млн 055 мың теңге) мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді, ал Ақермен ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің (құны 105,876 млн. теңге) күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Дене шынықтыру және спорт саласында 230 бұқаралық-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 20120 адам қатысты. Ауданда  5 спорттық ұйымдар жұмыс істейді, оның ішінде 3 жасөспірімдер спорт мектептері, бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы және 1 аула клубы, онда әртүрлі спортпен 2655 жасөспірімдер  дәріс алуда.
      Халық саны 88873 адамның 36171 дене шынықтырумен шұғылдануда, бұл халықтың 40,7% құрайды (2022 ж. – 37,2%).
Есепті кезеңде Сарымолдаев ауылында (құны 394,119 млн. теңге) және Андас батыр ауылында (құны 552,775 млн. теңге) спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыстары жүргізілуде.
Ауданда қылмыспен күресу және оның алдың алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Есепті кезеңде ауданда 201 (2022 ж. - 211) қылмыс тіркелген, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2% төмендеп отыр. Есепті кезеңде қылмыстардың ашылуы 82,8 пайызды (2022 ж. – 79,6 %) құрады.
Ауданда 18 (2022 ж. - 26)  жол көлік оқиғасы тіркелген немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінен 30,7 % төмендеген, онын ішінде қаза тапқан адамдар саны 41,6 % (24-тен 14-ке), дене жарақат алған адамдар саны 20,5 % (34-тен 27-ге) төмендеген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар