ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2 МЫҢНАН АСА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ
- авторjambylinfo.kz
- 19 қараша, 2023
- 258
Қазір «Ауыл аманаты» жобасының шапағатын сезініп отырғанымен, бұл азамат қадамын ертеректе бастап кеткен. 2022 жылы 583 мың теңгеге қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, оған бір ғана түспен құмды блок шығаратын құрылғы сатып алған. Сол кездің өзінде тәулігіне 900 дана құмды блок шығарып отырыпты. Ал, биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайызбен 5 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, бірнеше түспен блок шығаратын құрылғыларды сатып алған. Қазіргі таңда цехтың өнім өндіру көлемі ұлғайған. Тәулігіне 2000 данаға жуық түрлі түсті құмды блок кірпіш шығаруға қауқарлы. Бұл цехта 6 адам тұрақты жұмыс көзімен қамтылып отыр. Цехтың жұмысшысы, өзбек жігіті Абдірахман Ахметжанов: «Біздің жұмыста жұмысшыларға жақсы жағдай жасалған. Жалақымыз уақтылы, түскі асымыз тегін. Үздік жұмыс істегендерді де ынталандырып отырады», – дейді.
Мұнда жұмыс жеңіл емес. Дегенмен, бір жолға қойылып келеді. Мәселен, 8 сағаттық жұмыс кестесі қатаң сақталады. Кірпіш блоктың бағалары әртүрлі. Мәселен, бір түсті кірпіштің бір данасы 200 теңге болса, қоңыр, қызыл, қара түсті бір дана құмды блоктың бағасы 400 теңге. Әр кірпіштен 75 теңге таза пайда қалса, тәулігіне 150 мың теңге таза табыс бар деген сөз.
Бұл құмды блок цехы Шу ауданын сапалы өнімдерімен қамтып отыр. Қазір көршілес Қордай ауданынан да Жақсылықтың цехын іздеп келіп, кірпішке тапсырыс беретіндер көбейді. Бұл құмды блок цехында екі техника бар. Олар да ертелі- кеш кірпіш тасымалдап, тыным таппайды. Өндіріске қажетті құмды карьерден алып, өнімге қажетті цементке де дер кезінде тапсырыс беріп отыр. Карьерді қазу, оны қазу үшін рұқсат алу деген жұмыстар да жеңіл емес. Табыс жолы қиындықсыз келмейді. Мұны әр кәсіпкер жақсы түсінеді.
Жақсылық Болатұлы – жас кәсіпкер. Дегенмен, бұған дейін бірқатар жолдардан өткен. Жиырма жасында Көкшетаудағы әскери училищені бітіріп, 10 жыл бойы әскери қызметте болды. Тараз қаласы, Отар стансасының әскери бөлімшелерінде жұмысын мінсіз атқарып алғысқа бөленді. Бірақ, ауылда қалған анасының жағдайын көп ойлай беріпті. Сөйтіп, 10 жылдық қызметтен соң, келісімшартты әрі создырмай, ауылға оралып кәсіпкерлікке ден қойыпты. Әкесі Болат Несіпбаев та құқық саласында қызмет етіп, 1998 жылы өмірден озған екен. Ол кезде Жақсылық бар болғаны 7 жаста болатын. Анасы Маржан бағып-қағып жеткізді. Сондықтан, туған жерге қайтып, жеке кәсібін жолға қоюды дұрыс деп шешті. Екі бауыры бар. Қазіргі таңда олар тұрмыста.
– Сондықтан осындай шешім қабылдадым. Оған ешқандай өкінбеймін. Ең бастысы – анамның қасындамын. Жұмысымды жолға қойып келемін. Қазіргі таңда менің құмды блок цехымды облыс және аудан әкімдері жиі келіп көріп, жұмысымызға жоғары бағасын беруде. Анам 53 жаста, мейірбике болып еңбек етеді. Күн сайын тілеуімді тілеп, батасын беріп отырады. Ол кісінің мен ауылға келгелі көңілі тоқ. Біз үшін барлық қиындыққа шыдаған анашымды еш ренжіткім келмейді. Ал, құмды блок цехыма келсем, бұл күнде тапсырыс берушілер көлемі артып отыр. Алдағы уақытта қаржының мүмкіндігі болып жатса, цехымды үлкейтсем деген ойым да бар. Ал, әр ауылға келіп жатқан «Ауыл аманаты» жобасының халыққа тиімділігі өте көп. Оны сезініп отырмыз, – дейді Жақсылық Несіпбаев.
Байзақ ауданындағы Кеңес ауылының халқы, биыл «Ауыл аманаты» жобасының шапағатын көреді. Елді мекендегі 206 тұрғын 2,5 проценттік жеңілдетілген несие алуға өтініш берген. Бүгінде олардың басым бөлігі көмек қаржыны алып кәсібін бастап кетті. Солардың бірі - Доскен Күсемісов. Ол бұған дейін мал шаруашылығымен айналысып,шағын азық түлік дүкенін жүргізген. Енді ауылдан көлік жуу орны мен шаштараз, монша және құрылыс заттар дүкенін ашпақ. Тұрғын кешеннің құрылысын өз ақшасына салып, құрылғысын алуға 6,5 миллион теңгеге сұраныс берген. Енді бизнесін бір апта ішінде іске қосып, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. - Болмайтын заттар болады, прастиковый трубалар. Бағасы 100 теңге. Оны қалаға барып алу үшін 1000 теңгеге бензин құясыз. Осы жерден ауылдан ыңғайлы болсын деп осы жерден ашып жатырмыз құрылыс дүкенін. Бағдарлама тиімді болып тұр. Пайызы төмен. Каникулы бар екен жыл. Ауыл аманаты жобасы Жамбыл облысында пилоттық жоба ретінде 2019 жылы басталды. Бүгінге дейін 57 ауылдық округке көмек қаржы беріліп, 6 мың ауыл тұрғыны өз кәсібін бастады. Тиімділігін дәлелдеген жоба, алдағы жылдары өзге ауылдарда да жалғасады.- 11 миллиардқа биыл бізде 2 мыңнан астам кәсіпкерлік орындары ашылды. Қалған 12 миллиадқа келген ақшадан да тура сол 2 мыңнан аса кәсіпкерлік орындар ашылады деп күтудеміз. Негізі келесі жылға да 20 милииард сұрадық. Басқа аудандық округтерге де береміз деп Ауыл тұрғындарының әрбірінде жер телімі бар. Бірақ сол алқаптарды игеру үшін ауылшаруашылық техникасын алуға шамасы жете бермейді. Мәселені шешу үшін, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы шағын шаруашылықтарды біріктіріп кооператив құруда. Нәтижесінде орларға жаңа техника алу үшін жеңілдетінген қаржы береді.
Жуалы ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің құрамына Бәйтерек, Жаңаталап, Ақтоған және Күркіреусу ауылдары кіреді. Округте жалпы 2 мың 636 тұрғын бар болса, оның 626-сы жастар. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында биыл Бәйтерек ауылында тұратын тұрғынның үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша құны 82 миллион теңгені құрайтын екі жоба жүзеге асырылып, тұрақты сегіз жұмыс орны ашылған. Одан бөлек, балық шаруашылығын дамыту бағытындағы 2022-2025 жылдарға арналған бағдарлама аясында осы жылға «Бағдат» шаруа қожалығының базасында құны 67 миллион теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары толыққанды жүргізілуде. Мұнда осы жылдың мамыр айында 160 мың дана шабақ жіберілген. Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Көбейсін Хайралапов ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында баяндады.
Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында жіберілген әрбір шабаққа 15 теңге субсидия төленетін болады және құжаттарын рәсімдеуге көмек берілуде. Сонымен бірге, жеке кәсіпкер Талғат Тойшыбеков Жаңаталап ауылынан балаларға арналған еркін күрес спорт залын салса, жеке кәсіпкер Айжамал Айдаралиева округ тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Бәйтерек ауылынан наубайхана және азық-түлік дүкенін ашқан.
– Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша айтар болсақ, Бәйтерек ауылындағы бірнеше көшеге орта жөндеу және күн сәулесінен қуат алатын көше жарықтарын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, су тасқынының алдын алу мақсатында ауылдық округтегі ауылішілік дренаждарды механикалық тазалау жұмыстарын, су реттегіш және көпірлерді орнату үшін 20 миллион теңге қаралып, бұл жұмыстар жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде. Сонымен қатар, осы жылы Күркіреусу елді мекенінің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құны 20 миллион теңге тұратын жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, – дейді Көбейсін Есқалиұлы.
Ауылдық округ әкімінің сөзіне сүйенсек, биыл сүт бағыты бойынша 3 миллион 100 мың теңге субсидия алынса, мал шаруашылығын асылдандыру бағыты бойынша 1миллион 800 мың теңге қаржы алынған. Өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласындағы егін және мал шаруашылығы едәуір дамып келеді. Округте қазіргі таңда 97 шаруа қожалығы бар. Ал, егістік жердің көлемі 12 мың 178 гектарды құрайды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз