Жамбыл жаңалықтар
Қорқор шеккен Тараз қаласының 17 тұрғыны айыппұл төлейді
- авторjambylinfo.kz
- 2 шілде, 2021
- 201
Қорқор шеккен Тараз қаласының 17 тұрғыны айыппұл төлейді
Тараз қаласының 17 тұрғыны қорқор шеккені үшін айыппұл төлейді.
Атырау облысының тұрғынынан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді Өскеменде полицейлер КамАЗ-дың мас жүргізушісін қуып жүріп ұстады 26 жастағы жігіт туысын таспен ұрып өлтірген – Жамбыл облысы Ақсай қаласында 55 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері қаладағы көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді. Тексеру барысында 15 кафе мен барда қоғамдық орындарда қорқор (кальян) тұтынуға тыйым салудың 17 бұзушылық дерегі анықталды. 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, енді олар 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. «Тексерілген барлық ойын-сауық мекемелерінде қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Сондай-ақ аталған мекемелердің әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 422-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы (Есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау) ескертілді, – деді Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков. Естеріңізге сала кетсек, мейрамханаларда, кафелерде, барларда және басқа да қоғамдық мекемелерде кальян шегуге тыйым салынады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз