сейсенбі, 18 наурыз, 2025 0:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оралхан Дәуіт «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Оралхан Дәуіт «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды
Фото - Алтынбек Қартабай
Газет ұжымына жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары таныстырды

Оралхан Дәуіт «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дәуіт Оралхан Абдрашұлы еңбек жолын1996-1998 жылдары қалалық сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық «Шымкент келбеті» газетінде жауапты хатшы болып бастаған. Сонан соң осы басылымда бөлім меңгерушісі, 1998-2004 жылдар аралығында облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі, 2004 жылдың маусым-желтоқсан айларында республикалық «Түркістан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, 2004 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың қаңтары аралығында республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, 2011-2012 жылдар аралығында Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің бас редакторы, 2012-2014 жылдар аралығында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, 2014 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың қаңтарына дейін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, 2017 жылдың қаңтар айынан республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі, 2017 жылдың наурыз айынан бастап республикалық «Жас Алаш» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің әлеумет және білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.


2020-2022 жылдары Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарды.
2022-2023 жылдары «Aulieata-media» ЖШС бас директоры, 2024-2025 жылдары “ҚазАқпарат” халықаралық ақпарат агенттігінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, «Мархабат» журналының бас редакторы болып қызмет етті. 
Облыстық мәслихат депутаты.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар