сейсенбі, 18 наурыз, 2025 0:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Республикалық «Тектұрмас» журналының бас редакторы тағайындалды

Республикалық «Тектұрмас» журналының бас редакторы тағайындалды
Фото - Алтынбек Қартабай
Бұл қызметке белгілі журналист Маржан Рақай келді

Республикалық «Тектұрмас» журналының бас редакторы тағайындалды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов «Aulieata-media» серіктестігінің ұжымына қос бірдей бас редакторды таныстырды. Оралхан Дәуіт Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болса, республикалық «Тектұрмас»  журналының бас редакторы болып Маржан Рақай тағайындалды. 


Рақай Маржан Кәрімжанқызы
1987 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. 
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша, Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетін құқықтану мамандығы бойынша (магистратура) тәмамдаған. 
Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінде тілші, бөлім басшысы, жауапты хатшы болып еңбек еткен. 
ҚР Журналистер одағының мүшесі. 
Тұрмыста, 6 баласы бар.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар