сейсенбі, 18 наурыз, 2025 0:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан – әлемдегі ең арзан автогаз сататын елдердің бірі

Қазақстан – әлемдегі ең арзан автогаз сататын елдердің бірі
Ашық дереккөз
Қазақстанда автогазды пайдаланатын көліктердің саны аса көп емес. Ақпан айының басында елде 10 мыңнан астам жеңіл автокөлік таза газбен жүрсе, 400 мыңнан астам көлік аралас отын (бензин, газ және электр) пайдаланған. Бұл баға өзгерісінің әсерін негізінен осы көліктердің иелері сезінді.

Елімізде ақпан айынан бастап автогаз бағасы көтерілді. Астанада литрі 86 теңгеден 102 теңгеге, Алматыда 89 теңгеден 102 теңгеге қымбаттады. Ал Шымкентте баға 70 теңгеден 90 теңгеге дейін өсті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Басқа өңірлерде де 6-20 теңге аралығында қымбаттау байқалды. Облыс орталықтарында немесе оған жақын маңда автогаз бағасы 102 теңгеден аспайды, ал алыс аудандарда 107 теңгеге дейін жетеді.

Жалпы, таза газбен жүретін жеңіл көліктер елдегі автопарктің 0,2%-ын ғана құрайды. Олардың басым бөлігі Шымкентте (0,6%), сондай-ақ Жетісу (0,4%) және Түркістан (0,3%) облыстарында шоғырланған. Ал аралас отынмен жүретін көліктер автопарктің 7,9%-ын құрайды. Әсіресе, бұл көліктер мұнай-газ өндіретін өңірлерде көп. Маңғыстау облысында жеңіл көліктердің 51,5%-ы бензин мен газды қатар қолданады. Сондай-ақ Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (14,4%), Батыс Қазақстан (11,6%), Атырау (10,5%) және Түркістан (11,4%) облыстарында да аралас отын пайдаланатын көліктердің үлесі жоғары.

Әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда, Қазақстандағы автогаз бағасы – ең арзан бағаның бірі. GlobalPetrolPrices.com дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың 24 ақпанында әлем бойынша автогаздың орташа бағасы 0,74 АҚШ долларын құрады. Ал Қазақстанда ең жоғарғы баға – 107 теңге немесе 0,21 АҚШ доллары.

Әлемде автогаз ең арзан сатылатын ел – Алжир (0,07 АҚШ доллары). Одан кейін Ангола (0,11 АҚШ доллары) тұр. Сауд Арабиясы (0,28 АҚШ доллары) мен Ресейде (0,36 АҚШ доллары) газ бағасы Қазақстанға қарағанда жоғары. Беларусь (0,38 АҚШ доллары) және Армения (0,43 АҚШ доллары) да автогаз ең арзан саналатын елдердің қатарында.

Ал ең қымбат автогаз Швейцария (1,22 АҚШ доллары) мен Ұлыбританияда (1,21 АҚШ доллары) тіркелді. Сондай-ақ Германия (1,1 АҚШ доллары) мен Францияда (1,05 АҚШ доллары) да баға айтарлықтай жоғары.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар