сейсенбі, 27 қаңтар, 2026 20:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордай ауданындағы мектепте түлектермен кездесу өтті

Қордай ауданындағы мектепте түлектермен кездесу өтті
Фото - ашық дереккөз
Жиында оқушыларға маңызды ақпараттар берілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы бекіткен жоспарға сәйкес, №67 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Еркебұлан Бақытжанұлы Садуанов Қордай ауданындағы орта мектептердің 9–11 сынып түлектерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы туралы толық ақпарат берілді. Аталған академия жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес, күндізгі оқу нысанында «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша «Қоғамдық қауіпсіздік» даярлау бағыты мамандықтарын оқытады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасы ашылғаны айтылды.

Академия түлектеріне құқық қорғау органдарында және ақпараттық қауіпсіздік саласында қызмет атқаруға мүмкіндік бар.
Курсанттар «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл» білім беру бағдарламасы бойынша келесі лауазымдарға тағайындалады:
    •    ПД, ҚАЖД бөліністерінде жедел уәкіл;
    •    Жедел басқару орталығының инспекторы;
    •    Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі инспектор.

ОҚЫТУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР:
    •    Мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау және оқыту;
    •    Жайлы жабдықталған жатақханамен қамтамасыз ету, стипендия төлеу;
    •    Азық-түлікпен және заттай жабдықтармен қамтамасыз ету;
    •    Демалыс кезеңінде тұрақты тұратын жеріне барып-қайту үшін қалааралық автокөлікпен (таксиден басқа), теміржол және су көлігімен жол жүру ақысының төленуі;
    •    Күндізгі оқу нысаны бойынша толық курсты аяқтағандардың оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі;
    •    Бөлуге сәйкес қызмет өткеру үшін жолдамамен жұмысқа орналастыру;
    •    Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» бакалавры біліктілігі беріліп, белгіленген үлгідегі диплом тапсырылады және Ішкі істер министрінің бұйрығымен «полиция лейтенанты» немесе «әділет лейтенанты» арнайы атағы беріледі.

ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ:
    •    Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына орта білімі бар, он алты жасқа толған азаматтар қабылданады;
    •    ҰБТ тұрғылықты жері бойынша азаматтық оқу орындарының базасында ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 5 шілдесі аралығында өткізіледі (өткізу мерзімі Бірыңғай ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады);
    •    Талапкерлер ҰБТ тапсыру кезінде ҚР БҒМ-нің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген ҰБТ өткізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес (шығармашылық емтиханнан басқа) екі бейіндік пәнді өз бетінше таңдай алады;
    •    Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір бейіндік пәннен және Қазақстан тарихынан кемінде 5 балл, математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығы бойынша кемінде 3 балл жинау қажет;
    •    Құжаттар ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін Қостанай академиясының ресми сайтында (kpagov.kz) «Бакалавриат» онлайн-қабылдау сілтемесі арқылы қабылданады;
    •    Медициналық куәландырудан, арнайы тексеруден және ҰБТ-дан сәтті өткен үміткерлер Академияның оқу-дала лагеріне конкурсқа қатысу үшін шақырылады. Іріктеу кезінде ҰБТ сертификатының балы, медициналық, дене шынықтыру және психофизиологиялық көрсеткіштер ескеріледі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар