Қордайда «қораға» айналып кеткен спорт кешенін салған мердігер бюджетке 56 млн теңге қайтаруы керек
- авторИндира Тәліпқызы
- 5 маусым, 2024
- 605
Қоғам белсендісі Исламбек Дастан Қордай ауданы Қарасай батыр ауылындағы спорт кешені қараусыз қалғанын, оның айналасында мал жайылып жүргенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. Аталған мәслеге қатысты әкімдік түсініктеме берді, хабарлайды jambylinfo.kz.
Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Сақатовтың айтуынша, әкімдік Қарасай батыр ауылындағы спорт кешенінің құрылысын жүргізген «ӘділҚұрылыс и К» ЖШС жұмысты талапқа сай орындамағандықтан сотқа берген.
«Қордай ауданы әкімдігі тарапынан мердігерге нысандарды салуға арналған шарттарды бұзу туралы, алдын ала төлемді қайтару туралы, 2021-2022 жж. және тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) алу туралы талап арыз Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жіберілді. Талап-арыз бойынша сот «Әділ-Құрылыс и К» ЖШС-на аванстық төлемдерді, тұрақсыздық айыппұлын өндіру және мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танып, мемлекет бюджетіне жалпы 56 млн теңге аванстық төлемдер қайтарып беру туралы шешім шығарды»,-деді Бақыт Сақатов.
Сондай-ақ оның сөзінше, «Әділ-Құрылыс и К» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 2 945 059 теңге тұрақсыздық айыбы және 1 780 670 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілсін деген шешім шығарған. Алайда, мердігер сотқа аппеляциялық шағыммен қайырылып, бүгінде іс қайта қаралып жатқанын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024