жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 0:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне дайындық жұмыстары жүргізілуде
ашық дереккөзі
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне дайындық жұмыстары жүргізілуде
Ағымдағы жылдың 3 мамырында «Қоғамдық келісім» КММ-де ҚХА мүшелерінің, облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің және Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті. Іс-шараның модераторы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, өңірлік ҚХА хатшылығының меңгерушісі - Сержан Қуанышов болды. Іс - шарада этномәдени бірлестік мүшелері мен төрағаларының алдағы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне белсене қатысуы туралы айтылды. Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы - Мүбарак Жинақбаева жиынға қатысушыларды көптеген түрлі форматтағы іс-шараларды қамтитын алдағы мерекелерді өткізу жоспарымен таныстырды. Жоспарға сәйкес этномәдени бірлестіктер арасында шағын футболдан матчтары өтеді. Сондай-ақ этномәдени бірлестіктер өкілдері арасында әлеуметтік желіде және месенджерлерде әскери-патриоттық туындыларды орындау бойынша акцияларға, челлендждерге және флешмобтарға қатысуы жоспарда бар. Бұған қоса, этномәдени бірлестіктер арасында әскери әндерден попурри орындау бойынша челендж өткізу ұсынылды. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділері «Ардагерлерге тағзым» акциясы аясында ардагерлердің үй маңындағы аумақтарын абаттандыруға көмек көрсетеді. Бұдан басқа,Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және әскери іс-қимылдарға қатысушыларға, қорғаныс және ТЖ қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсыру бойынша іс-шаралар өткізілетін болады. Дәстүр бойынша ЭМБ  өкілдері Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысып, Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюға ат салысады. Айта кету керек, бұл мереке күндері қазақстандықтар ерекше мақтанышпен тағатын символдық ленталары басты атрибуттардың бірі болмақ. Жиын барысында сессия делегаттары: Жамбыл облысы ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы - Асқарбек Сейілханов, «Днепро» украин мәдени орталығының төрағасы - Федор Клименко, Жамбыл облысы ҚХА Төрағасының Қоғамдық орынбасары - Жалил Аббосов және «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары - Айгүл Қабиева жиылған жұртшылыққа ҚХА сессиясы туралы өз әсерлерімен бөлісті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар