Жаңалықтар
"55 миллион бөлінген". Павлодарда ит, мысықтар чиптеле бастады
- авторjambylinfo.kz
- 4 мамыр, 2023
- 214
"55 миллион бөлінген". Павлодарда ит, мысықтар чиптеле бастады
Павлодарда үй жануарларын есепке алып оларға чип салу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Жамбыл инфо (massaget.kz) сілтеме жасап.
Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен бақандай 55 млн. теңге бөлінген. Чип - бұл жануардың электронды төлқұжаты. Оны салдырғаннан болып ит, мысыққа келер зияны жоқ. Керісінше, ақпараттық базаға иесі туралы да мәлімет енгізіледі. Дегенмен, электронды ен таңба ақылы болғандықтан белсенділік танытушылардың қарасы қалың емес. Қазір көбіне адамдар құны қымбат, тұқымы сирек ит, мысықтарын әкеліп "таңбалатып" жатыр.
"Ақша төлеу керек болғандықтан адамдар әлі жөнді келмей жатыр. Бірақ 1-ші қыркүйектен бастап ол міндетті түрде болғандықтан кейін жауапкершілік болады. Сол үшін біз әзірге үгіт жұмысын өткізіп жатырмыз", - дейді Павлодар облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Ғалым Бейсенов.
Айта кетерлігі, ветеринарлық клиникалар бұдан былай сән үшін ұстайтын шиншилла, егеуқұйрық, тасбақа, ергежейлі шошқаны да үй жануары ретінде есепке алатын болады. Қазір әр хайуанатқа электронды ен салу 4-5 мың теңге тұрады. Дегенмен, жағдайы жоқ тұрмысы төмен отбасылар үшін тегін. Былтыр ғана қабылданған "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңға сәйкес, енді иттердің бос жүруіне тиым салынады. Биыл Павлодар қаласында бұралқы иттерге арналған 4 панажай ашылған. Қазіргі күні олардың бәрі лық толы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз