Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 6 мамыр, 2025
- 186

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде мерекелік іс-шара өтті. Онда Департамент бастығы, әділет подполковнигі Жаныбек Қосжанов жеке құрамды айтулы мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Салтанатты жиын барысында Жаныбек Жамалбекұлы қызметкерлердің ата-аналарына да құрмет көрсетіп, арнайы сыйлықтар мен марапаттар табыстады. Әскери қызметшілерді тәрбиелеп өсірген ата-аналарға «Офицердің анасы» және «Офицердің әкесі» атты медальдар тапсырылды. Бұл марапат – ел қорғаны болып жүрген ұл-қыздардың ата-аналарына деген алғыстың белгісі.
Іс-шара барысында Отан алдындағы борышты адал атқарып жүрген қызметкерлердің еңбегі атап өтіліп, олардың кәсіби шеберлігі мен патриоттық рухы жоғары бағаланды.
Мұндай шаралар ел қорғаны ретіндегі қызметтің маңыздылығын дәріптеп, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Қатысушылар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ел игілігі жолында аянбай еңбек ете беруге дайын екендіктерін жеткізді.