жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нұрдаулетпен ашық сұхбат

Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нұрдаулетпен ашық сұхбат
ашық дереккөзі
Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нұрдаулетпен ашық сұхбат
Қазақстандық жүзуші-паралимпиадашы, Токио қаласында өткен 2020 жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нұрдаулет Мақсұтұлы «AntikorLive» жобасы аясында сұхбат берді. ⠀ Қазақстандық жүзуші-паралимпиадашы, Токио қаласында өткен 2020 жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нұрдаулет Мақсұтұлы «AntikorLive» жобасы аясында «Тәртіп-жеңістің алғашқы нышаны» тақырыбында сұхбат берді. 11 жасында жүзу спортына келіп, екі жыл ішінде спорт шебері дәрежесіне ие болып, алматы қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған мектеп–интернатына» оқуға шақырту алған.Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 2 курс студенті. Тақырыпқа сай Б.Момышұлы атамыздың «Тәртіпке бағынған құл болмайды»,- деген сөзіне сүйене келе жетістікке жетудің негізгі формуласы – қатаң тәртіпті сақтай отыра, алға қойған мақсатқа жету үшін тынбай еңбектену қажет екендігін алға тартты. Сұхбат барысында «Егер жемқорлықпен күрес қызметінің басшысы болсаңыз жемқорлықпен күресуде қандай механизм ұсынар едіңіз»? - деген сауалымызға – ең бірінші халықты еңбек етуге шақырар едім деген жауап алдық.Себебі әрбір адам әділ сөйлеп, адал жүретін болса өзіне ғана емес еліміздің де көркейіп,өсуіне үлесін қосқан болар еді,- деген пікірде. Сонымен қатар елімізде жүзу спортына көбірек көңіліп бөлініп, жеке спорт кешендері соғылғанын қалайды. Қазірдің өзінде облысымдағы дарынды балаларға арналған спорт интернаты арнайы бассейнмен жабдықталмаған.Осы мәселе назарға алынып жас спортшыларға жағдай жасылынса деген ұсынысын білдірді. Себебі спортшыларымыз жеткілікті деңгейде өздерін көрсете алмай, жүзу спорты назардың тыс қалып кетпесе дейміз. Айта кетерлігі спортшының жеке өмірінде жемқорлық факторлары мүлдем кездеспеген, егер кенеттен сондай жағдайға тап болатын болса бірден сенім телефонына хабарласып, мән-жайды анықтаған жөн деген пікірде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар