Партия жұмысына пандемия бөгет бола алмады
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясында жасаған баяндамасында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов саяси құрылымның әлемдік пандемияның салдарын жоюға бағытталған жұмысына айрықша тоқталды. Оның айтуынша пандемия партия жұмысына ешқандай кедергі келтірмеген. Керісінше партия карантиндік шектеу шаралары салдарынан табысынан айырылғандарға көмек көрсету арқылы халықтың әлеуметтік мәселелерімен танысуға, оларды шешуге мүмкіндік алған.
–Қиын-қыстау кезеңде халқының қасынан табылып, қолұшын созып, тілеулес болу «Nur Otan»-ның айнымас қағидасы cаналады.Партия бұл ұстанымынан жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күресте де айныған жоқ. Табысынан айрылған, әлеуметтік осал отбасыларына бірінші болып көмек қолын созды.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамашылығымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде коронавирус салдарынан зардап шеккен мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті.
Қор тарапынан облыс бойынша 40 мыңға жуық отбасына 50 000 теңгеден бірреттік көмек берілді. Қайырымдылық шарасына жұмсалған қаражаттың жалпы көлемі 1 миллиард 945 миллион 800 мың теңгеге тең. жуық қаржыға .
Бұл шарадан өңірдегі кәсіпкерлер, депутаттар, меценаттар, партияның депутаттық фракциялары мүшелері, бастауыш партия ұйымдары және белсенді партия мүшелері де шет қалмады.
Түркістан облысы Арыс қаласы мен Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде де «нұротандықтар» жұдырықтай жұмыла білді, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясына аудандық филиалдардың есеп беру-сайлау конференцияларынан сайланған 67 делегат қатысты. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты делегаттардың дені жиынға ZOOM платформасы арқылы қосылды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов филиалдың Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебін берді. Өз баяндамасында Дауыл Ынтықбайұлы жергілікті жерде саяси құрылымның алдағы жоспарларына да тоқталып өтті.
- 2019-2020 жылдар аралығында партия облыстық филиалының 4 кезектен тыс конференциясы, 3 Саяси кеңес пен 15 Саяси кеңес Бюросы отырысы өтті, Партиялық құрылым мүшелерімен қабылданған қаулылар толығымен орындалды.
- Сайлауалды бағдарламаның мерзімінде, әрі сапалы орындауда жауапкершілік жергілікті жердегі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, аудандар мен Тараз қаласы әкімдеріне және өңірдегі мәслихаттардағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясына жүктелген. Қазіргі таңда партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында жергілікті филиалдары жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды,– деді Д.Бейсенқұлов.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда облыс әкімінің мерекелік шыршасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024