сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 23:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық және қытайлық вакцинаның айырмашылығы неде – маман жауабы

Қазақстандық және қытайлық вакцинаның айырмашылығы неде – маман жауабы
ашық дереккөзі
Қазақстандық және қытайлық вакцинаның айырмашылығы неде – маман жауабы
Медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева COVID-19-ға қарсы қазақстандық және қытайлық вакциналардың бір-бірінен айырмашылығы неде екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқарат тілшісі. «Жалпы, вакциналарды бірдей деуге болады. Екеуі де инактивтелген вакцина саналады. Олардың құрамында SARS-CoV-2 вирусының өлтірілген штаммы бар. Құрамы да, адъюванттарының, белсенді заттарының болу да бірдей. Жалғыз айырмашылығы, айталық, қазақстандық вакцинаның сақтау мерзімі 6 ай, ал қытай вакцинасын 12 ай сақтауға болады», - деді Ләззат Ералиева Experts Hub Kazakhstan» жобасы сарапшыларымен өткен дөңгелек үстел барысында. Оның атап өтуінше, екі вакцинаның техникалық детальдарында да болмашы айырмашылық бар. «Яғни, аздаған ғана техникалық деталында өзгешелік бар. Ал көрсетілімі, қарсы көрсетілімі бірдей деуге болады. Тиімділігіне қатысты айтар болсақ, отандық ғалымдардың мәлімдемелеріне сәйкес, қазақстандық вакцинаның тиімділігі 90 пайызды құрайды. Дегенмен, қытайлық вакцинаның тиімділігі де осы шамада», - деді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар