Практикалық жаттығулар: Таразда психологтар әскерилерге тренинг өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 21 мамыр, 2025
- 218

ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты 58 мекеменің психологтары үшін маңызды тәжірибелік шара өтті. Жаттығу жұмыстары 5513 әскери бөлімінің аумағында ұйымдастырылып, онда штаттан тыс психологтардың кәсіби даярлығын шыңдау көзделді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған іс-шараның басты мақсаты – әскери қызметкерлер арасында стресстің белгілерін анықтап, одан шығудың тиімді жолдарын меңгерту, сондай-ақ олардың коммуникативтік қабілеттерін арттыру болды. Тренинг барысында түрлі практикалық жаттығулар қолданылып, қатысушыларға стресс жағдайында әрекет ету тәсілдері мен ішкі күйзелісті еңсеру жолдары үйретілді.
Іс-шара топтық форматта ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді. Әскери қызметкерлер тренингке үлкен қызығушылық танытып, тапсырмаларды ынтамен орындады. Оқу-жаттығу барысында олар ортамен тиімді байланыс орнатудың жаңа тәсілдерін меңгеріп, өзара тәжірибе алмасты.
Қатысушылар бұл тәжірибелік семинардың кәсіби және жеке дамуға зор ықпал еткенін атап өтіп, алдағы қызметтерінде осындай әдістерді тиімді қолданатындарын жеткізді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Себебі әскери салада қызмет ететін азаматтар үшін психологиялық тұрақтылық пен қарым-қатынас мәдениеті – табысты әрі қауіпсіз қызметтің негізі саналады.