бейсенбі, 12 маусым, 2025 2:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нарықта доллар бағасы түсті

Нарықта доллар бағасы түсті
Фото - ашық дереккөз
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 510,59 теңге

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,04 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 510,59 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 577, сату құны — 582.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 572 теңгеден сатып алынып, 579 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,23 — 6,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 21 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511, 59 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,33 теңге. Еуро — 575,28.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар