Референдум 2026: «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы өз таңдауын жасады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:48
- 22
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, өңірлік коалицияның жетекшісі Дауыл Бейсенқұлов №28 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Бүгін – ел тағдыры үшін маңызды күн. Мен өз таңдауымды жасап, Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдап дауыс бердім. Бұл – тек бір күндік науқан емес, бұл – болашаққа деген жауапкершілік. Әр азаматтың дауысы ел ертеңін айқындайды. Дауыс беруге келген адамдардың көптігін көріп, халқымыздың елдік мүдде үшін біріге алатынына тағы бір мәрте көзіміз жетті.Еліміздің болашағы жарқын, бірлігіміз бекем болсын! – деді Дауыл Ынтықбайұлы.
Айта кетейік, Жамбыл облысында бүгін барлығы 513 референдум учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру уақыты 20:00-ге дейін жалғасады.





