Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Оралхан Дәуіт референдумда дауыс берді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 10:01
- 27
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Оралхан Дәуіт республикалық референдумда өз таңдауын жасап, дауыс берді.
Оның айтуынша, мұндай маңызды шараларға қатысу әрбір азаматтың жауапкершілігі болып табылады.
«Елімнің жарқын болашағы үшін дауыс бердім. Дауыс беріп жатқан адамдардың қарасы көп. Бәрі оңынан болғай.
Конституция – бұл жай ғана заң емес. Бұл – біз қандай елміз, қандай қоғам болғымыз келеді, балаларымызға қандай мемлекет қалдырамыз деген сұрақтарға жауап беретін негізгі құжат болуы тиіс екендігі даусыз.
Бүл өзгерістер – тек заңды жаңарту емес. Бұл – мемлекеттің адамға қарай бет бұруы. Бұл – әділетті, теңгерімді, заманауи Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам болғай» – деді ол.
Айта кетейік, Жамбыл облысында бүгін барлығы 513 референдум учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру уақыты 20:00-ге дейін жалғасады.




