сенбі, 23 қараша, 2024 2:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сұранысқа ие мамандықтар қандай?

Сұранысқа ие мамандықтар қандай?
ашық дереккөзі
Сұранысқа ие мамандықтар қандай?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру» деген сөзі ұлттық дәстүрді, тәрбие мен білім мәселелерін айшықтайды.

Бала – бесіктен тәрбие алады. Ұлттық дәстүрді бойына сіңіреді. Ұлттық дәстүр және отбасылық тәрбие – патриотизмнің бастауы. Бесіктен тәрбиелеу – ұлттық ұғым кепілі. Осы орайда «Білімі жоқ ел – беделсіз, ғылымы жоқ ел – бедерсіз» деген мәтел бар. Мұның астарында ұлттық құндылықтарымызды Қазақстанның әрбір азаматының санасына енгізу және орнықтыру қажет екендігі байқалады.

Ғылым деген не? Ұлы ойшыл әл-Фараби «Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ» деген екен. Сондықтанда Тәуелсіз мемлекетіміздің беріктігін сақтау үшін ғылымды жүйелі жолға қоюымыз қажет. Ғылыммен әрине адам баласы айналысады. Алайда адамдар бірден дайын ғалым болып дүниеге келмейді ғой. Сондықтанда оқушыларды сонау мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, қадам бойынша жетелей отырып, олардың танымдық қызығушылықтарын, қисынды ойлау дағдылары мен сыни көзқарастарын жетілдіру керек. Сол кезде барып оқушы жасөспірім шағынан бастап өзінің дүние танымы мен қызығушылығын ұштастыра отырып мамандық таңдауға икемделе бастайды.

Мамандық таңдау мәселесі – адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабидің «…адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген қанатты, нақыл сөзі бар. Жыл сайын мектеп бітіруші түлектерге барлық жоғары оқу орындарынан арнайы саланың мамандары кәсіптік бағдар жұмысын жүргізіп, қажетті ақпараттармен таныстырады. Алайда жүргізілетін кәсіби бағдар жұмыстары тек 10-11-ші жоғары сынып оқушыларына арналады. Менің көзқарасым бойынша оқушыларға 5-ші сыныптан бастап жоспарлы түрде жүйелі кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізгені абзал. Олай дейтінім оқушылар бастауыш сыныптан кейін ба ла лық шақт ан ере с ек шаққа қарай қадам басады. Олардың көкейлерінде сан- алуан сұрақтар көп. Сол сұрақтарының жауаптарын дер ке зінде білс е оның танымдық дүние көзқарасы да тереңдей түсетіні анық.

Ғылым – білім а луға бағытталған адамның шығармашылық қызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым бірқатар білім салаларына жіктеледі. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар – жаратылыстану, қоғам туралы – әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы құрайды. Математика – өзі бір арнайы ғылым. Соның ішінде жаратылыстану ғылымының орны ерекше. Бұл саланың құрамына іргелі ғылымдар жиынтығы: физика, химия, биология, астрономия, география, геология, механика, сонымен қатар осы ғылымдардың түйіскен жерлерінде геофизика, астрофизика, биофизика, биохимия, физикалық химия, химиялық физика, геохимия, метеорология, климатология, минерология, топырақтану сияқты ғылымдар топтастырылған. Осы аталған ғылымдар еліміздің экономикалық, экологиялық тұрғыдан өркендеуіне, бәсекеге қабілетті болуы тұрғысынан өте қажетті болып саналады. Сол үшінде соңғы жылдары мемлекет тарапынан да осы бағыттағы салаларға білім алу гранттарының саны басқа салалармен салыстырып қарағанда едәуір артып келеді. Алайда осы бағытты саналы түрде таңдап, оқуға түсіп, арнайы маман иесі атану үшін оқушыларға кәсіби бағдар бойынша тиісті ақпараттарды 12 жастан бастап мектеп қабырғасында беруіміз қажет. Оқушылар болашақ мамандықтарын таңдаған кезде өздерінің қызығушылықтарымен қатар сұранысқа ие бағыттарды да барынша меңгеріп білгендері абзал. Сол себепті оқушылардың жаратылыстану бағытындағы таным түсінігін кеңейтуде кәсіби бағдар жұмысының рөлі өте маңызды. Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының бейімділігін е скере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс түрі. Яғни еліміздегі барлық мектеп оқушыларын жас ерекшеліктеріне қарай топтастыра отырып жаратылыст ану бағытындағы кәсіби маман иелерінің атқаратын қызмет түрлерімен таныстыру үшін арнайы экскурсиялар, ашық есік күндерін, өндіріс орындарына саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесулер өткізу, өндіріс ұжымдары мен кәсіптік- техникалық мектептердің оқушыларымен біріккен конференциялар барынша жиірек, еркін форматт а ұйымдастырылып өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болмақ.

Соңғы жылдары нарықта сұранысқа ие, бәс екеге қабілетті маман иелерін дайындау да жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуы үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып республика тұрғысынан бастама көтеріп облыстық, аудандық білім беру басқармалары жоспарлы түрде жұмыстарын жүргізіп, мектептерде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек деген ұсынысыммен ойымды қорытындылаймын.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар