жұма, 22 қараша, 2024 21:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүйелі жұмысқа жол ашылды

Жүйелі жұмысқа жол ашылды
ашық дереккөзі
Жүйелі жұмысқа жол ашылды

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев бірер күн бұрын «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды.

Заңсыз активтерді қайтару жұмыстарын Бас Прокуратура ведомствосы жүзеге асырады.

Естеріңізде болса, 2022 жылдың маусым айында Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаражатты мемлекетке қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған болатын. Ресми мәліметке қарағанда содан бергі бір жылда мемлекетке 760 миллиард теңгеден асатын заңсыз иемденілген актив, қаржы және мүлік қайтарылған. Тергеу- тексеру кезінде 172 миллиард теңгені өз еріктерімен мемлекетке қайтарған.

2022 жылдың 26 қарашасында «Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. Әзірше 70 тен аса мемлекетпен құқықтық көмек көрсетуге екіжақты шарт жасалған.

Заңсыз иемделінген активтерді қайтару ерікті түрде немесе республиканың, шет мемлекеттердің сот актілері немесе құзыретті органдарының шешімдері негізінде мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Заңда адал сатып алушыларды қорғау тетіктері де көрсетілген.

Мемлекет пайдасына түскен активтер Арнаулы мемлекеттік қорға беріледі, одан әлеуметтік, экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар