жұма, 22 қараша, 2024 21:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қайтарылған қаржыда қайыр бар

Қайтарылған қаржыда қайыр бар
ашық дереккөзі
Қайтарылған қаржыда қайыр бар

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тізгінін қолға алғалы бері жемқорлықтың жолын кесіп, мемлекет қаржысын талан-таражға салғандарға қарсы шаралар жүргізіп келеді. Мемлекеттің сырт елдерге заңсыз жолмен кеткен қаражаттарының қайтуы – ел олжасы. Кеше ғана Мемлекет басшысы «Заңсыз иеленген активтерді қайтару туралы» Жарлыққа қол қойды.

Құжат он күннің ішінде күшіне енеді. Айта кетерлігі, Парламент қабылдаған заңға ешқандай селкем болмауы үшін Президент Конституциялық сотқа өтініш жасап, сүзгіден тағы бір өткізген. Осылайша, көпшіліктің талабы мен билік тармақтарының мақұлдауынан шыққан заң жақында толық іске асады. Нәтижесінде бұл – жемқорлықпен есепсіз ақша жымқырғандарды құқық қорғау органдары тергеуге алып қана қоймай, Жаңа Қазақстан жастарына жаңа серпін береді. Оларды адал, шыншыл, турашыл болуға үндейді.

Заңсыз актив иеленгендер жазасыз қалмайтыны анық. Әлемнің 70 мемлекетіне біздің елдің қазынасынан жымқырылған қаржылар жасырылған екен. Қазіргі таңға 176 миллиард теңгесі қайтарылғаны анықталып отыр. Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда заңда белгіленген шекті сомадан – 13 миллион айлық есептік көрсеткіштен немесе 44 миллиард 850 миллион теңге, яки шамамен 100 миллион АҚШ долларынан асатын активтері болуы тиіс.

Бұл дегеніңіз заң күшіне енгеннен бастап, ең алдымен шетелде иелігінде осыншама активі барлар тексеріле бастайды деген сөз.

Біздің Жаңа Қазақстан азаматтары қадамын адал басып, ізгі жолдан таймауы үшін әр өңірдің басшылары мен беделді ақсақалдары, белсенді азаматтары сүбелі үлес қоса бергені жөн.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар