жұма, 20 маусым, 2025 23:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысуда балаларды қорғау күні аталып өтті

Сарысуда балаларды қорғау күні аталып өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл күн – балақайлардың жүздеріне шаттық сыйлап, олардың өмірін қуаныш пен мейірімге бөлейтін ерекше мереке. Расында да, баланың шат күлкісінен, оның шынайы қуанышынан асқан бақыт жоқ.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Сарысу ауданында кең көлемде аталып өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аудан бойынша балаларға арналған кешенді мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – аудандық білім бөлімінің балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен Жаңатас қаласындағы орталық саябақта өткен «Балдәурен балалық шақ!» атты мерекелік шара болды.

Мерекелік жиынға Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ол өз сөзінде Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам екенін айтып, баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін бұл күні бәріміз айқын сезінетінімізді атап өтті.

Іс-шара барысында балалар мен жасөспірімдер үшін түрлі шығармашылық және спорттық байқаулар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Мольбертке сурет салу», «Асфальтқа сурет салу», «Гір тасын көтеру», «Асық ату» және «Эстафеталық ойындар» сынды жарыстар өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытты. Жеңімпаз оқушыларды аудан әкімі марапаттап, оларға бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар, балалар-жасөспірімдер орталығының өнерлі жастары ән шырқап, би билеп, шараға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балаларға арналған бұл мереке тек қала орталығымен шектелмей, Сарысу ауданына қарасты барлық ауылдық округтерде де жалғасын тапты. Әр ауылда балаларға қуаныш сыйлау мақсатында мәдени және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар