дүйсенбі, 30 маусым, 2025 11:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық құтқарушылар қоян-қолтық ұрыстан әлемдік додада тарихи көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстандық құтқарушылар қоян-қолтық ұрыстан әлемдік додада тарихи көрсеткішке қол жеткізді
Төтенше жағдайлар министрлігі
Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты аясында өткен «Жекпе-жек» дисциплинасы бойынша жарыстың екінші күні Қазақстан үшін тарихи жеңіспен есте қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлдені қанжығаларына байлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мария Чеботарева қарсыластарынан оза шауып, алтын медаль иеленіп, әлем чемпионы атанды. Оның көрсеткен дайындығы, қайсар мінезі мен жауынгерлік рухы – жеңістің нағыз символына айналды.

Сондай-ақ Аружан Биркинбаева мен Томирис Жүсіпова күміс жүлдені жеңіп алып, Қазақстан әйелдер құрамасының әлеуеті мен кәсіби деңгейін паш етті.

Ал «Өзін-өзі қорғау» бағыты бойынша өткен жарыста Сергей Уолтер мен Владимир Демьянов алтыннан алқа тағып, әлем чемпиондары атанды.

Бұл жеңіс – жай ғана спорттағы жетістік емес. Бұл – еліміздің құтқарушыларының кәсіби шеберлігі мен физикалық дайындықтарының жоғары деңгейде екенін айқындайтын маңызды нәтиже.

– Бұл жетістік ТЖМ қызметкерлерінің тек апат аймағында ғана емес, спорттық аренада да үздік екенін дәлелдейді, – деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар