жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

САРЫСУЛЫҚТАР ҚЫЗЫЛОРДАҒА 3 МЫҢ ТҮК ШӨП ЖІБЕРДІ

САРЫСУЛЫҚТАР ҚЫЗЫЛОРДАҒА 3 МЫҢ ТҮК ШӨП ЖІБЕРДІ
ашық дереккөзі
САРЫСУЛЫҚТАР ҚЫЗЫЛОРДАҒА 3 МЫҢ ТҮК ШӨП ЖІБЕРДІ
Сарысу ауданы тұрғындарының демеушілігімен қуаңшылық салдарынан зардап шеккен Қызылорда облысына 3 вагон, яғни 3 мың түк көлемінде табиғи шабындықтан шабылған шөп көмек ретінде жіберілді.
Ал Қамқалы ауылдық округіне қарасты Шу өзені бойындағы шабындық жерден 31 мың тонна қамыс шөбі Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарына сатылымға жіберілген.
Жалпы, аудан бойынша мал қыстату науқанына 101 мың тоннадан аса шөп дайындау межеленген. Бүгінде 102 400 тонна пішен, 28 100 тонна сабан, 14 500 тонна жантақ дайындалып, 143 %-ға артық орындалған.
Шөп дайындау науқанына біршама жекелеген азаматтар мен шаруа қожалықтары да ат салысқан. Атап айтар болсақ, «Саудакент-2019», «Игілік» өндірістік кооперативтері, әр ауылдық аймақтардан құралған бригадалар төменгі Шу, Талас өзендерінің бойындағы шабындық алқаптан шөп оруға кірісті.
Ауыл тұрғындары да науқандық жұмыстардан тыс қалған жоқ. Жеке кәсіпкер Баймағамбетов Аңламас бастаған топ барлық техникаларын сайлап, шөп дайындауға атсалысқан.
Сонымен қатар құнарлы мал азығын ауыл тұрғындарына сапалы, қолжетімді бағада тасып беруде. Техникасы жоқ ауыл тұрғындарына орылған шөптер қолжетімді бағада сатылуда.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар