жұма, 25 шілде, 2025 0:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сенат Төрағасы Жамбыл облысындағы әлеуметтік және өндірістік нысандармен танысты

Сенат Төрағасы Жамбыл облысындағы әлеуметтік және өндірістік нысандармен танысты
Сенат
Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысына сапары аясында Сенат Төрағасы облыстық әлеуметтік оңалту орталығына барып, оның қызметімен танысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

18 жастан асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және қарттығына байланысты өзіне қызмет көрсете алмайтын жандарға тиісті жағдай жасалған.

Өңірге сапар барысында Сенат депутаттары Байзақ ауданында орналасқан «Мейірім» балабақшасына да барды. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында жабдықталған нысан 25 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Бүгінде аталған балабақшаға ауылдағы 125 бала барады.

Сенаторлар «JS GLASS» шыны зауытының және ауыл шаруашылығына арналған фторсыздандырылған фосфат өндіретін «Минералды тыңайтқыштар» кәсіпорнының ұжымдарымен де кездесті.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар