сейсенбі, 1 сәуір, 2025 23:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Серік Сәлемов бокс федерациясының президенті болып тағайындалды

Серік Сәлемов бокс федерациясының президенті болып тағайындалды
Фото - Jambylinfo.kz
Жиынға ҚР бокс федерациясының вице-президенті Болат Әбдірахманов пен федерацияның бас хатшысы Мерей Ақшалов қатысты

Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып Серік Сәлемов тағайындалды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР бокс федерациясының вице-президенті Болат Әбдірахманов пен федерацияның бас хатшысы Мерей Ақшалов бастаған жаттықтырушылар мен спортшылардың қатысуымен өткен басқосуда  өңірлік бокс федерациясының су жаңа президенті таныстырылды. 
Бұл қызметке облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов тағайындалды. ҚР бокс федерациясының  бас хатшысы облыстық бокс федерациясының президентіне сәттілік тілеп, бүгінде жұртшылық тарапынан спорттың бұл түріне қызығушылық жоғары екенін атап өтті. 
Бұдан кейін сөз алған Серік Сәлемов өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауға тырысатынын айтып, Жамбыл боксының беделін көтеріп, мәртебесін биіктетуге бойындағы бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. 

- Бүгінгі күні облыста 5000-ға жуық жасөспірім бокспен айналысады екен. Ендігі біздің мұрат – соның ішінен талапты спортшыларды анықтап, олармен табанды еңбек ету. Келесі Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысатын спортшыны дайындау біздің мақсатымыздың бірі – деді Серік Сәлемов. 

Сонымен қатар жиында облыстық бокс федерациясының вице-президенті лауазымына Әділхан Әмірханов тағайындалды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар