сейсенбі, 1 сәуір, 2025 16:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында тағы жер сілкінді

Жамбыл облысында тағы жер сілкінді
Фото - ашық дереккөз
Дүмпудің есептік қарқындылығы нақтылануда

ҚР ТЖМ "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 15 сағат 56 минутта жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

- Сезімділік Жамбыл облысында тіркелді.  Есептік қарқындылығы нақтылануда. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ,- делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінген еді.

Жер дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 баллды, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 баллды құрады.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар