ШҚО-да 13 жыл бұрынғы кісі өлімі ашылды
Ең сорақысы, 1968 жылы туған әйел адам өз танысының қолынан қаза тапқан
Полицейлердің айтуынша, 2008 жылдың сәуір айында Аягөз - Қарағанды тас жолының бойынан 35 жастағы келіншектің мәйіті табылып, аса ауыр қылмысты ашу ол кезде мүмкін болмапты. Бірақ күдіктілерді іздестіру бүгінгі күнге дейін жалғаса берген. Ақырында тәртіп сақшылары Риддер қаласының 51 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өзіне қарсы жиналған дәлелдер мен айғақтарды көргеннен кейін аталған қылмысты жасағанын бірден мойындапты. Айтуынша, бұл іске баруына сүйіктісіне деген қызғанышы сеп болған көрінеді. Өйткені, олар бәрі бірге демалыста болған. Сөйтіп ол жәбірленушіні пальтоның белбеуімен қылқындырып өлтірген. Енді күдікті 20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024