бейсенбі, 9 сәуір, 2026 17:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шорабек Айдаровтың «Жарық сәуе» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті

Шорабек Айдаровтың «Жарық сәуе» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті
Фото - ашық дереккөз
Рухани кешке өңірдің зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері мен әдебиетсүйер қауым қатысты.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті қаламгер, айтыскер ақын Шорабек Айдаровтың «Жарық сәуе» атты жаңа жыр жинағының салтанатты тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов сөз сөйлеп, өңірде әдебиет пен мәдениетті дамытуға әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті. Ол ақынды жаңа туындысымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Сондай-ақ, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтың құттықтау хаты оқылып, онда ақын шығармашылығына жоғары баға беріліп, «Жарық сәуе» жинағы оқырманның рухани әлемін байытатын құнды еңбек екені айтылды.
Кеш барысында сөз алған қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері жинақтың мазмұнына тоқталып, ақын шығармашылығындағы ұлттық рух, адамгершілік және ізгілік құндылықтарын ерекше атап өтті.
Тұсаукесер рәсімінде құрметті қонақтар жаңа кітаптың тұсауын кесіп, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, ақын өлеңдерінен үзінділер оқылып, әсерлі музыкалық бағдарлама ұсынылды.
«Жарық сәуе» — өмір, махаббат, адамгершілік пен ұлттық рухты арқау еткен терең мазмұнды жыр жинағы.
Осындай тағылымы мол рухани кештер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар