СОТТАЛҒАНДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінде мекеменің тікелей медициналық қызметімен және облыстың өзге де денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарымен жазасын өтеп жатқан азаматтарға профилактикалық медициналық тексеру жүзеге асырылды. Іс-шараға эндокринолог, хирург, онколог, кардиолог, лор, дерматолог сынды дәрігерлер шақыртылды. Медицина мамандары түзеу мекемесіндегі 965 сотталғандардың денсаулығын тексеріп, сонымен қатар, жас санаттары бойынша скринингтер өткізілді. Профилактикалық тексеру нәтижелері бойынша пациенттердің алғаш анықталған аурулары диспансерлік есепке қойылды. Медициналық тексеруден өткендердің басым көпшілігі ешқандай аурудан зардап шекпейтіндігі белгілі болды.
Іс-шара соңында барлық пациенттерге жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары, сондай-ақ салауатты өмір салтын жүргізудің маңыздылығы түсіндірілді.
Бұл жұмыстар ҚР Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы 28 қазандағы №745 бұйрығымен бекітілген бас бостандығынан айыру орындарында сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан және арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібін орындау шеңберінде жүзеге асырылып отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024