"Түпсіз тұңғиық секілді...". Мемлекетке қайтарылған жерлер шын мәнінде кімнің меншігінде?
- авторjambylinfo.kz
- 16 ақпан, 2024
- 565
Жамбыл облысында соңғы үш жылда ауыл шаруашылығына арналған 500 мың гектардан астам қараусыз жатқан жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Jambylinfo.kz редакциясының тілшілері облыстағы жайылымды жерлер қалай қатарылып жатқанын анықтап, қарапайым шаруалардың мұң-наздарын тыңдады.
2021 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкімет отырысындағы мәлімдемесінен кейін ауыл шаруашылығына арналған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары басталды. Президент оларды жер теліміне мұқтаж ауыл тұрғындарына беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырған. Сондай-ақ, бос жатқан жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жер қатынастары саласының басты міндетіне айналуы тиіс екендігі айтылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жер иелеріне меншігіндегі учаскелерді мақсатты түрде пайдалану міндеті жүктелгенімен, олардың көпшілігі бұл талапты орындамайды. Ал Жамбыл облысына келсек, ферма шаруаларының басым көпшілігі жайылым жерлеріне зәру. Облыс әкімдігіне қарасты жер қатынастары басқармасының мәліметінше, аймақта 700 мың гектарға жуық жайылымдық жер жетіспейді.
«Осыған байланысты аудандарда бірнеше бағыт бойынша жұмыстар қолға алынды. Біріншісі, 227,5 гектар аумақтағы елді мекендерге пайдаланусыз жатқан жайылымдық жерлерді бекіту. Және де елді мекендерден бес шақырым ұзақтықта орналасқан 145,9 мың гектар жайылымдық жерлер бойынша шаруа қожалықтарына ескерту жасалды. Мәселені шешу үшін ірі қараны орман алқаптарына жаю жұмыстары да жолға қойылып келеді», - дейді Жамбыл облысы әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы Ермек Кәрентаев.
Оның айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасына сай, пайдаланусыз және заңсыз қолданылып жатқан жерлерді қайтару арқылы облыстағы жайылым тапшылығын жоюға болады. Мәселен, 2021 жылдың өзінде облыстағы 106,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. 2022 жылы бұл көрсеткіш екі есеге жуық өсіп, 201,2 мың гектарға, ал 2023 жылы 201,6 мың гектарға жеткен.
«Облыста қайтарылған жер учаскелерінің түгелі шаруашылық жүргізетін субъектілер мен агро құрылымдардың уақытша пайдалануына берілген. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді бақылау барысында бос және ұтымсыз пайдаланылып жатқан жерлер анықталды. Сондай-ақ жергілікті зерттеулерді жүргізу мақсатында Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды», - дейді басқарма басшысы.
Жалпы 2021-2023 жылдар аралығында Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығына арналған 508,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
№ |
Аудандар |
2021 |
2022 |
2023 |
|
1 |
Байзақ |
504 |
5496 |
10777 |
|
2 |
Жамбыл |
3171 |
5014 |
11366 |
|
3 |
Жуалы |
1457 |
5688 |
10203 |
|
4 |
Қордай |
8731 |
6703 |
15064 |
|
5 |
Мерке |
1479 |
5935 |
11003 |
|
6 |
Мойынқұм |
13872 |
30112 |
41861 |
|
7 |
Сарысу |
44600 |
71178 |
31592 |
|
8 |
Талас |
11454 |
29688 |
27662 |
|
9 |
Т.Рысқұлов |
15461 |
7556 |
18209 |
|
10 |
Шу |
5907 |
35186 |
23476 |
|
|
Барлығы |
106636 |
202555 |
201210 |
Жер қатынастары басқармасы өкілдері ҚР Жер кодексінің 92-94-баптарын бұзған жағдайда, жер учаскесін кері қайтарып алуға болатынын атап өтті. «Былайша айтқанда, егістік алқаптарда жыл сайын ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп, баптау керек. Ал өрісте ауыл шаруашылығы жануарлары жайылуы тиіс. Шаруа, фермер қожалығы немесе ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған жер учаскелерінің бос жатқанын анықтағаннан кейін, тағы бір жыл пайдаланылмаса, олар мәжбүрлі түрде мемлекетке қайтарылады. Мемлекет меншігіне өткен жерлер конкурс бойынша өтеулі түрде өзге жер учаскесін пайдаланушылардың уақытша пайдалануына беріледі», - деп хабарлайды ведомство өкілдері.
Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының тұрғыны Аралбек Артықов 30 жылдай асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. 20 жылдық еңбек өтілі бар теміржолшы соңғы жылдары мамандығын тастап, сүт өндіру үшін мал шаруашылығымен айналысуды ұйғарған. Қазір Аралбектің 10 бас ірі қара малы, екі жылқысы, 20 қошқары бар. Ол жайылымдық жерлердің тапшылығы ұзақ жылдар бойы аймақтың өзекті мәселесі дейді.
«Мал жаятын жер жоқ. Жайылымның жоқтығынан малды үйде бағып отырмыз. Мұндағы жерлердің түгелі пияз егу үшін жалға берілген. Өріс ауылдан тауға қарай 15 шақырым жерде орналасқан. Бұл жолдың бойына қазір тұтастай егін егілген. Біз малдарымызды егістіктің үстінен айдай алмаймыз ғой, бұл да біреудің кәсібі. Сонда не істеуіміз керек? Бір шенеуніктің оларды жалға бергеніне біз кінәлі емеспіз ғой», - дейді ол.
Ауыл тұрғындары елді мекендерден бес шақырым қашықтықта орналасқан жерлерді пайдалануға қатысты мәселені бірнеше рет билік өкілдеріне жеткізген.
«Жер кодексі бойынша бұл жерлерді жалға беруге немесе сатуға болмайды. Олар мал жаю үшін ауыл тұрғындарына берілуі тиіс. Ал бізде ше, олардың барлығы жеке меншікке өткен. Әкiмнен сұрасақ, ол өзінен бұрынғы басшыларына сілтейдi», - дейді ауыл тұрғыны.
Аралбек Артықов сатып алынған жеке меншіктегі кейбір жер телімдеріне дәмхана мен жанармай бекеттері салынған айтады.
«Тағы бір учаскеде бастапқы кезде жылыжайлар орнатылған. Сосын олар да жеке меншік жерлерге айналды. Бұдан басқа ауданда сүтті ешкі түрін өсірмек болған. Бірақ ол сол күйі қалды. Енді міне малымыз өтпесін деп жердің айналасын қоршап тастады. Шалғынды жерлер де бар. Бірақ олар да жергілікті тұрғындардың меншігінде, шөп орылғанға дейін ол жерге бара алмаймыз», - дейді ол.
Фермердің айтуынша, ауылдың іскер тұрғындары 90-жылдарың өзінде-ақ жайылымға жарамды жерлердің бәрін түгелдей сатып алған. Яғни, жер тапшылығы мәселесі сол кезден басталған.
Аралбек Артықов қазір Қазақстан бойынша жайылым жерлері ауыл тұрғындарының игілігіне қайтарылып жатқанын естігенмен, бұл мәселе толық шешімін тапқан жоқ дейді.
«Мен өзгерістерді сезген жоқпын, мәселе де шешілген жоқ. Керісінше, жалға берілетін жерлер көбейіп барады. Бұл жерлерді қайтадан біреулер білдірместен жасанды жолмен сатып алып, тіркеп жатыр. Былайша айтқанда сол жер бұрынғы меншік иелерінің қолдарына қайтыа жатыр. Не дейін? Келіп, малымызды қалай бағып, қайда жайып жүргенімізді көріңіздер. Міне айдың соңы, малды өріске шығаруымыз керек. Қайда шығаратынымыз да белгісіз. Мен жоғарғы ауылда тұрамын, төменгі ауылдың да бір отар малы бар. Өткен жылы ауылға көмек бағдарламасы аясында мал басы 2-3 есеге жуық өсті. Оларды енді қалай бағатынымызды білмеймін. Жайылым жерлерінің бәрі бос емес. Өріс орнында екі автотұрақ, екі қоршау бар, жерлердің біраз бөлігіне пияз егілген. Іс жүзінде жер қалмады. Шенеуніктер есеп беру кезінде бірнеше мың гектар жайылымдық жеріміз бар деп ақталады, ал шын мәнінде олар жоқ»,- дейді шаруа.
Ауыл тұрғыны өзінің азын-аулақ малын қоректендіру үшін, жалға алынған жерге беде, жүгері егеді. Ал малдарын үйге іргелес бес соттық жерде бағып отыр.
"Түпсіз тұңғиық секілді... Жыл өткен сайын жағдай нашарлап барады. Пияз, жүгері, күнбағыс егіп, жайылатын жерлерді жауып тастады. Өткен жылдың өзінде-ақ үлкен қиындықтарға тап болдық, биылғы жылы малымызды қайда жаятынымыз белгісіз», - дейді ол.
Жамбыл облысы Меркі ауылының тұрғыны Асқар Қызылов та жайылымдық жердің аса тапшы екенін айтады. Ол да Аралбек Артықов секілді ел аумағында ауыл шаруашылығына арналған жерлердің мемлекет меншігіне қайтарлып жатқанын естіген.
«Алайда, маған сезіліп жатқан жоқ. Олар қайтардық дейді. Олай болса, жайылым жерлері қайда? Ауыл тұрғындарына бөліп беріп жатқанын да естімедік. Бұл мәселе әлі де шешімін тапқан жоқ», – дейді Асқар Қызылов.
Ауыл тұрғыны жылқы бағып, қымыз бен саумал сауады. Сарымолдай ауылдық округінде 50 бас малы жайылымда.
«Ол жерде 80 гектар жер теліміміз бар. Жер шатқалға іргелес. Бұл тастақ жер болғандықтан, шөбі аз. Сондықтан қосымша жем сатып алуға мәжбүрміз. Жалпы алғанда, жері жоқтарға қарағанда бізге оңайырақ. Ені 100 метр болуы тиіс мал өтетін жолды учаскелерге бөліп берді. Енді халықтың малды қалай жаятыны белгісіз. Берілген учаскелерді қазып, құрылыс салып жатыр. Мен ауданның жер картасын көрдім, жанымыздағы барлық жер учаскелерге бөлінген, бірақ ол жерде ешкім жоқ. Тек біз тауда шөп аз болса да, малымызды сонда жайып жүрміз. Мемлекет меншігіне қайтарылған жердің қайда екені белгісіз. Қанша рет жер беруін өтінсек те, олардың басқаға тиесілі екенін айтады. Демек айтылғанның бәрі қағаз жүзінде ғана қалып қояды екен», - дейді ауыл тұрғыны.
Дегенмен, Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 2024 жылы аймақтағы 80 мың гектар жерді кері қайтару жоспарланып отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
ҰБТ жүйесіне "қол сұққан" үш жас жігіт сотталды
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024