Жамбыл жаңалықтар
Т. Рұсқұлов ауданында тұқым шаруашылығы жақсы дамып келеді
- авторjambylinfo.kz
- 7 қараша, 2022
- 222
Т. Рұсқұлов ауданында тұқым шаруашылығы жақсы дамып келеді
Облыста күздік себу жұмыстары басталып кетті. Жалпы облыста 157 мың гектар алқапқа күздік себу жоспарланса, бүгінгі таңда 67 мың гектарға дән себілген. Қазіргі уақытта алдыға қойылып тұрған мақсат – шаруа қожалықтарын сапалы тұқыммен қамтамасыз ету. Бұл жұмыс Т.Рысқұлов ауданында оң шешімін тапқан. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Темірғали Биғазиевтің айтуынша, ауданда алдағы жылдың өнімі үшін 57100 гектар алқапқа күздік себу межеленсе, себілгені 26 мың гектар. Бүгінде аудан қорында 11420 тонна элита тұқымы бар. Негізінен жерге өнімділігі жоғары элита тұқымдары енгізілуде.
- Ауданда тұқым шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Онда бірінші және екінші репродукциялық элита тұқымдары бар. Ауданда тұқым шаруашылығымен төрт агроқұрылым айналысады. Атап айтсақ, олар - «ҚайнарАгро» мен «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Шалқар» мен «Шәушен» шаруа қожалықтары. Соның ішінде «ҚайнарАгро» ЖШС-не тұқым тазалау зауытын салу үшін екі жүз миллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Жылдық қуаты 3 мың тонна, ал сағатына 15 тонна дән тазалайды. Қазір онда тұқымның төрт сұрпы шығарылуда, - дейді Темірғали Байғазиев.
- Біздің тұқымдар өнімділігімен ерекшеленеді. Мәселен, ауданда ең жоғарғы өнім әрбір гектарына орта есеппен 18,6-18,7 центнерден айналса, біздің элита тұқымынан шаруалар 26,6-29 центнерден өнім алуда. Биыл екі мың гектар тұқым дайындаудамыз. Сол үшін биыл екінші қойманы жабдықтаудамыз. Зауыт тоқтаусыз жұмыс істеуде. Оның құрал жабдығын Беларус мемлекетінен әкеліп орнаттық. Енді екінші зауытты іске қоспақ ниетіміз бар. Тек бидай ғана емес, көктемгі егіске арпа, мақсары тұқымын да дайындаймыз. Біздің тұқымды Жамбыл облысынан бөлек, Алматы мен Түркістан облысының да шаруалары алып жатыр, - дейді ол.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
«Заң керуені» Құланға келіп тоқтады
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024