дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 2:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Заң керуені» Құланға келіп тоқтады

«Заң керуені» Құланға келіп тоқтады
ашық дереккөзі
«Заң керуені» Құланға келіп тоқтады
Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру – өзекті мәселе. Сол себепті де бүгінде қарапайым халыққа оның құқығы мен міндеті жайында сан түрлі ақпараттар берілуде. Ол үшін алуан түрлі форматта шаралар ұйымдастырылып, құзырлы органдар халыққа бір табан жақындай түсті. Өткен аптаның жұмасында облыстық прокуратура өкілдерінен құралған топ «Заң керуені» акциясы аясында ауданға арнайы ат басын тіреді. Акцияның мақсаты – жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш- жігерін біріктіру. Облыс прокурорының аға көмекшісі Сержан Мырзаханұлы Абдикулов бастаған топ ең алдымен Құлан ауылдық округінің жұртшылығымен кездесті. Айта кетейік, аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов,аудандық полиция бөлімінің басшысы Шалқар Дәулетқұлов, Құлан ауылдық округінің әкімі Еркін Сейтжапаров, құзырлы орган өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу ба- рысында аты аталған азаматтардың барлығы ауданның және Құлан ауылының құқықтық ахуалы туралы баяндап, кемшін кеткен тұстарды да ашық айтты. Сондай-ақ, кездесуде халыққа заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар кеңінен баяндалды. Келген қонақтар тарапынан ұсыныстар да берілді. Баяндамалар аяқтала салысымен- ақ, жиын «сұрақ-жауап» форматына ұласты. Онда құландықтар пәтер құжаттарының заңсыз рәсімделуі және азаматтық алу қиындық туғызып жатқанын айтты. Халық тарапынан айтылған өтініштерге заңдық кеңестер беріліп, мәселелер назарға алынды. Айта кетейік, дәл осындай форматтағы жиын түс ауа Абай және Қарақыстақ ауылдық округтерінде де өткізіліп, ауыл тұрғындарының өтінішіне құлақ түрілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар