«Түрмедегі ашық есік күні». Сотталғандардың қолынан шыққан бұйымдардан көрме ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 16 тамыз, 2024
- 520
Жамбыл облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті №58 мекемесінде «ашық есік» күні өтті
Түрмедегі «ашық есік» күнінде сотталған азаматтардың қолынан шыққан бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Мұндағы сөрелерден ағаштан жасалған ыдыс-аяқ, теріден тігілген аяқ-киім, тіпті арнайы формаларды да көруге болады. Басқа да тұрмыстық өмірге қажетті құрал-жабдықтар да бар.
Іс-шараның бастапқы мұраты қолы кісенделген азаматтардың қолөнер туындыларын көрсету болса, бос орындарға жеке кәсіпкерлерді тарту да көзделген. Өйткені, көрмені тамашалауға құқық қорғау органдарының өкілдерінен бөлек, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының басшылығы мен жеке кәсіпкерлер де келген.
Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, жыл сайын мұнда жасалған өнімдерге сұраныс артып келеді. Сәйкесінше, дәл осындай шаралар да жиі өткізіледі. Бір жағынан бұл азаматтардың жұмыс өнімділігін арттырса, жаңа келісімдер арқылы бұйымдарды тұтынушыларға жеткізу жағы да жеңілдей түседі.