жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәуелсіздік – басты құндылық

Тәуелсіздік – басты құндылық
ашық дереккөзі
Тәуелсіздік – басты құндылық
Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толды. Бұл біздің ата-бабаларымыз армандаған қазақ мемлекеттілігін, еркіндігін қайта жаңғыртуды нығайтудағы маңызды күн. Тарих үшін - бұл қас қағым сәт. Алайда, көптеген халықтар үшін бұл қуанышты және қиын кезеңдер, дағдарыстар мен көтерілістер кезеңі. Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан елеулі табыстарға жетіп, бүкіл әлемге танымал болды. Бірлік пен келісімнің арқасында біз жаңа мемлекет құра алдық – бұл біздің басты жетістігіміз. Егемендік – бұл бос ұрандар мен қатты сөздер ғана емес. Біз үшін әрбір азамат Тәуелсіздік жемісін сезінуі маңызды, олардың негізгілері: бейбіт өмір, қоғамдық келісім, халықтың әл-ауқатын арттыру, жастардың болашаққа деген сенімі. 1991 жылдың аяғында Қазақстан егемендік алғаннан кейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында алғашқылардың бірі болып "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заң қабылдады, ол осы кезеңде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуы мен жетілдіруінің басты бағыттарын айқындады, қадағалау қызметіндегі қайталану мен параллелизмді жойды. Қазақстан Республикасындағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдар мен мекемелердің бірыңғай орталықтандырылған қызметін білдіреді, олардың басты міндеті халықтың денсаулық жағдайына қоршаған және өндірістік ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсерінің алдын алу, анықтау және жою болып табылады. Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Пандемияның алғашқы күндерінен бастап біз инфекцияның таралуына қарсы шұғыл шаралар қабылдадық. Қазақстан коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған санаулы мемлекеттердің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде. Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты көптеген адамдар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қажеттілігін түсіне бастады, өйткені аурудың деңгейі эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруға тікелей байланысты. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау адам өмірінің барлық салаларын қамтиды, сондықтан эпидемиологиялық қызмет денсаулық сақтау жүйесінде басты орынға ие болуы керек. Кез келген ел сияқты Тәуелсіз Қазақстан да өз халқының жоғары өмір сүру деңгейіне, заманауи технологияларға негізделген өркендеген экономикаға, сыртқы саясатта тең құқықты қатынастар құруға ұмтылады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік - бұл барлық азаматтардың бірлескен күш-жігерімен қорғалуы және нығайтылуы қажет нәзік нәрсе екенін есте ұстаған жөн.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар