жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түзеу мекемесінде «Адамның мендік қасиетінің жоғалуы» тақырыбында топтық терапия өтті

Түзеу мекемесінде «Адамның мендік қасиетінің жоғалуы» тақырыбында топтық терапия өтті
Фото - ашық дереккөз
Аталған шара Тараз мемлекеттік университетінің «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасымен түзілген меморандум аясында өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №58 мекемесінде «Адамның мендік қасиетінің жоғалуы» тақырыбында топтық терапия өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Адами қасиетті сақтау – өмірдің кез келген сәтінде, қандай қиындыққа тап болса да, адамның өзіне деген сенімін жоғалтпай, ішкі рухани әлемін сақтап қалуының негізгі алғышарты. Осы орайда, 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №58 мекемесінде сотталған азаматтарға арнап ерекше маңызға ие іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шара Тараз мемлекеттік университетінің «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасымен түзілген меморандум аясында өтті. Кафедраның аға оқытушылары, психология магистрлері Абдрахманова Айгүл Тұрсынбайқызы мен Байбосынова Раушан Темірғалиева мекеме психологтарымен бірлесе отырып, сотталған азаматтарға арнап топтық терапия жүргізді.

Терапия барысында қатысушылармен «адамның мендік қасиеті» ұғымы жан-жақты талқыланды. Адам өміріндегі ең маңызды адами қасиеттердің қандай екендігі, оларды қандай жағдайда да жоғалтпау қажеттілігі туралы әңгіме өрбіді. Психолог мамандар ғылыми көзқарас тұрғысынан мәліметтер ұсынып, қатысушылардың өмірлік ұстанымдарын қайта қарауға бағытталған жаттығулар жүргізді.

Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, белсенді пікір алмасты. Қызығушылық танытқан азаматтар топтық терапияның маңызын жоғары бағалап, болашақта да осындай кездесулердің жиі өткізіліп тұруын қолдайтындықтарын білдірді.

Бұл шара – адамның рухани-адамгершілік болмысын қалыптастыру жолында жасалған нақты қадамдардың бірі. Ең бастысы – қатысушылардың жүрегіне жол тауып, адами қасиетті сақтаудың маңызын сезіндіру.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар