жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және азаптаудың алдын алу шаралары қайта қаралды

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және азаптаудың алдын алу шаралары қайта қаралды
Жамбыл облысы прокуратурасы
Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы мәлімдеді

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ азаптаудың алдын алу жұмыстары қайта қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың төрағалығымен балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар мен азаптауға қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша үйлестіру кеңесі өтті.

Осыған дейін, тамыз айының басында облыс прокуратурасы ведомствоаралық кеңес өткізіп, онда полиция мен уәкілетті органдарға нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

Мәселен, жекелеген полиция бөлімдерінде қылмыстың құрбаны немесе куәгері болған балалармен психологиялық тұрғыдан қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуге, сондай-ақ оларды оңалтуға арналған арнайы жабдықталған «жасыл бөлмелер» ұйымдастырылды.

Қабылданған шаралар кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың 10%-ға (30-дан 27-ге) төмендеуіне мүмкіндік берді.

Үйлестіру кеңесінің отырысында жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін облыс прокуратурасымен бірқатар ұсыныстар беріліп, олар жергілікті және уәкілетті органдардың басшылары тарапынан қолдау тапты.

Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың, сондай-ақ балаларды ерте анықтау мен жан-жақты қолдау көрсетуге арналған мобильді топтардың жұмыс форматтарықайта қаралды.

«Тәуекел тобына» жатқызылған әрбір бала мен отбасыға қатысты мәселе толық шешілгенге дейінжәне құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер жойылғанға дейін барлық уәкілетті органдардан жауапты тұлғалар бекітілетін болады.

Бұдан бөлек, облыс прокуратурасымен тергеу органдарына арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды тергеу бойынша «Әдістемелік ұсыным» әзірленді.

Облыс прокуратурасы азаптаулардың алдын алу мақсатында құқық қорғау және арнайы органдардың назарын азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталауына, бейнебақылаудың бірыңғай жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қызметкерлердің қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауына аударды.

Сонымен қатар, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен құқық қорғау органдары ғимараттарында кенеттен тексеріс жүргізу арқылы азаптаудың алдын алу шараларын кеңейту жөніндегі Меморандум жасау қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Үйлестіру кеңесімен қабылданған шешімдер құқық қорғау және уәкілетті органдардың жұмыс тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына оң әсерін тигізеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар