жұма, 5 желтоқсан, 2025 22:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түзеу мекемесінде халықаралық Нельсон Мандела күні аталып өтті

Түзеу мекемесінде халықаралық Нельсон Мандела күні аталып өтті
Ашық дереккөз
Жыл сайын 18 шілдеде әлем халқы Нельсон Мандела күнін атап өтеді. Нәсілшілдікке қарсы күрескен, бейбітшілік пен келісімнің жаршысы болған тұлғаның есімі адамзат тарихында ерекше орын алады.

Осыған орай, ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде де аталмыш күн назардан тыс қалмады. Мекеме тәрбиелік жұмыстар бөлімі ұйымдастырған іс-шараға жазасын өтеуші азаматтар қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шара барысында тәрбие бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Мейрамбек Бекхожаев Нельсон Манделаның өмірі мен қызметі туралы кеңінен әңгімелеп берді. Ол Манделаның ерік-жігері мен қайсарлығын, ел бірлігі мен бейбітшілікті сақтау жолындағы еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, оның мұрасы мәңгілік екенін, ұрпаққа үлгі болатынын айтты.

Іс-шара соңында әділет майоры Мейрамбек Бекхожаев Нельсон Мандела күніне орай жазасын өтеушілер арасында түрлі спорттық жарыстар мен тәрбие бағытындағы шаралар жалғасатынын жеткізді. Сонымен бірге, жазаны орындау жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстар мен жазасын өтеушілердің тәртіпті сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар