сенбі, 16 қараша, 2024 0:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түзеудің бір түрі - қоғамдық жұмысқа тарту

Түзеудің бір түрі - қоғамдық жұмысқа тарту
ашық дереккөзі
Түзеудің бір түрі - қоғамдық жұмысқа тарту
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға - сотталған адамдар қандай да бір арнайы даярлықты талап етпейтін, аумақтарды көріктендіру, қосалқы, арту-тиеу жұмыстарымен т.б. қарапайым, қоғамға пайдалы жұмыстарды орындауға тартылады. Осы жазаға сотты болғандардың жазасының орындалуы пробация қызметі бөлімінің қызметкерлерімен бақылауға алынған. Бүгінгі таңда Тараз қалалық №3 пробация бөлімінде қоғамдық жұмысқа тартылған 6 сотталған азамат жазасын өтеуде. Барлық сотталған өздерінің тұрғылықты жері бойынша жазаларын өтеуде және жергілікті жерлердегі әкімшілікпен белгіленген аймақтарда тазарту жұмыстарына жұмылдырылған. Алайда, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарған 13 сотталған қамаққа алынды. Айта кетейік, егерде сотталған жұмыстан бас тартқан жағдайда пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығын шектеумен немесе бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыныс жолдайды. - Қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға мүлдем бармай, міндеттелген жұмыстарды орындаудан бірнеше рет дәлелді себептерсіз жалтарған 13 сотталған азаматтың жазасының өтелмеген бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталушының міндеті болып табылады. Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерген жөн, - деді Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Қуаныш Халық. Шолпан Акзымалиева, Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар