дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қаласының шекарасы айтарлықтай ұлғайтылады

Тараз қаласының шекарасы айтарлықтай ұлғайтылады
Фото - ашық дереккөзден
Қаланың жалпы жер көлемі 31 798,0742 гектар болады

Жамбыл облысы әкімдігінің Тараз қалысының шекарасын ұлғайту бойынша қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құжатта шешімнің Тараз қаласы, Жамбыл және Байзақ аудандары әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде қабылданғаны жазылған.
Осылайша, Жамбыл ауданының 11 257,9181 гектар жері, Байзақ ауданының 1 761,2014 гектар жерін Тараз қаласына қосып, облыс орталығының шекарасын өзгереді. Тараздың жалпы жер көлемі 31 798,0742 гектар болады.  
Ал бұл өөзгерістерден кейін Жамбыл ауданының жері 412 402,0819 гектар болады, ал Байзақ ауданы жері 444 259,80 гектарды құрайды.
Ал шекараны өзгерту барысында Байзақ және Жамбыл ауданындағы 14 елді мекен қаланың ішіне кіреді. Осылайша шығыс пен солтүстіктен Ақбұлым (4 022 адам), Талас (4 879 адам), Қызыл Жұлдыз (6 342 адам), Қоңыртөбе (484 адам), Шайқорық (4282 адам), Танты (214 адам) елді мекендері кіреді.
Батыс жағынан қала шекарасына Бектебе (3 292 адам) және Қызылшарық (1 315 адам) ауылдары кіреді. Екі ауыл да әуежайдың ұшу жолағына түседі. Оңтүстіктен Кемел (276 адам), Түрксіб (2 974 адам), Қала маңы (6 293 адам), Жалпақтөбе (9 836 адам) ауылдары кіреді.
Қала аумағы ауданы 18 787 гектардан 31 798,7 гектарға дейін ұлғаяды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар