дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 10:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберілді

Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберілді
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Ол азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберілді. Ақпаратты ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. Halyq Uni. сайтына сілтеме жасап. 

"Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберіледі, - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың жазасын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейтіні айтылды. 

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлімдеді.

Еске салайық, 2024 жылғы 26 маусымда Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымын қарау бойынша сот отырысы өтіп, нәтижесінде "Сот алқасы Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарған болатын. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар