дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қашан екі әкімшілік аумаққа бөлінеді – әкім жауабы

Тараз қашан екі әкімшілік аумаққа бөлінеді – әкім жауабы
фото - ашық дереккөзден
Үкімет облыс орталығын екі ауданға бөлу бойынша қаулы қабылдаған

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңындаТараз қаласын екі әкімшілік аумаққа бөлу бойынша сұраққа жауап берді,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аймақ басшысының сөзінше, облыс орталығын екіге бөлу бойынша Үкімет қаулы қабылдаған. Енді облыстық мәслихатпен бірлесе отырып, нақты  шешім шығарылмақ.

-    Егер облыс орталығында тұрғындар саны 400 мыңнан асатын болса, екі әкімшілік аумақ құрылуы керек. Бұл заң талабы. Тараз қаласын екі ауданға бөлу мәселесі бойынша Үкімет қаулы қабылдаған. Енді мәслихатпен бірлесе шешім шығарамыз да екі әкімшілік ауданға бөлеміз. Біз бұл арқылы көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтің сапасын арттырамыз. Сондықтан бұл өте дұрыс шешім. Оны біз іске асырамыз,- деді Ербол Қарашөкеев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар