дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев «Әулеата жастары» бағдарламасы 2025 жылы да жалғасатынын айтты

Ербол Қарашөкеев «Әулеата жастары» бағдарламасы 2025 жылы да жалғасатынын айтты
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Әкімнің айтуынша, биыл аталған бағдарлама аясында 140 жас баспаналы болмақ

Жамбыл облысында «Әулеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы 2025 жылы өз жалғасын табады. Бұл жөнінде  Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында журналистер сұрағына жауап беру барысында айтты,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ербол Шырақпайұлы биыл «Әулие-ата» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға 2 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.

«Биыл «Әулие-ата» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру үшін  2 млрд теңге бөлінді. Оның 1 млрд теңге теңгесі облыстық бюджеттен бөлінсе, 1 млрд теңге «Отбасы банктен» бөлінді. Биыл аталған бағдарлама аясында 140 жас баспаналы болады. Жамбыл облысында 2021 жылдан бері жүзеге асып, жастарды баспанамен қамтып келе жатқан бағдарлама жастар үшін аса қажет деп есептеймін. Келесі жылы да «Әулие-ата» тұрғын үй бағдарламасы жалғасатын болады»,- деді Ербол Қарашөкеев.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар