«Тараз халқының саны 430 мың адамға жуықтады»: Таразда көпбалалы аналарға “Алтын” және “Күміс” алқа табысталды
- авторИндира Тәліпқызы
- 2 мамыр, 2024
- 891
Тараздағы алтын құрсақты 55 әйел бүгін "Алтын" және "Күміс" алқаларына ие болды. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков көп балалы аналарды арнайы шақырып, төсбелгіні табыс етті. Бұл туралы Тараз қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады jambylinfo.kz.
Жиында әуелі шаһар басшысы сөз алып, аналарға ақ тілегін тілегін жеткізді.
"Тараз қаласы тұрғындарының саны да артып, 430 мың адамға жуықтады. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген істер қолға алынып, жарқын жобалар жеміс беріп жатыр. Мұның барлығы біздің елімізде әйел адамзатының орны биік екенін айғақтайды. Елімізде көпбалалы аналарға қолдау қашанда аз болған емес. Бүгінгі жүздесуіміз де соның бір көрінісі", - деді қала әкімі.
Өз кезегінде аналар да шаһар басшысына шынайы ризашылықтарын жеткізді. Айта кетейік, Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында жалпы 2 753 көпбалалы ана «Алтын» және 2 516 ана «Күміс» алқамен марапатталған. Ал бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 27 қарашадағы №401 Жарлығы бойынша 11 көпбалалы анаға «Алтын», 44 анаға «Күміс» алқа табыс етілді.
Биыл Таразда қандай көшелер жөндеуден өтеді
Ұқсас жаңалықтар
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2024