дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Таразда қандай көшелер жөндеуден өтеді

Биыл Таразда қандай көшелер жөндеуден өтеді
Коллаж: jambylinfo.kz
25  наурыздан бастап қала ішіндегі жолдар жөнделіп жатыр

Бүгінде қала ішіндегі жолдарға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «АБДИ-СТРО» ЖШС, «BIG building NS» ЖШС-і мердігерлер компаниялар жеңімпаз атанған, деп хабарлады jambylinfo.kz.

Қала әкімдігінің таратқан дерегіне сүйенсек, аталған компаниялар 25  наурыздан бастап қала ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен.

Бүгінде шаһардағы Братская, Тұрысов, Төле би, Тәуке хан, Жауғаш батыр, Сыпатай батыр, әл-Фараби, Балуан Шолақ, Абай көшелеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталса, қазір  “Шөлдала” тұрғын алқабы мен Ұлбике ақын көшелерінде тиісті жұмыстар жүріп жатыр.

«Биыл Таразда 140 шақырымнан аса жол орташа жөндеуден өтеді. Нақтырақ айтқанда, 67,8 шақырымды құрайтын 40 жобаны (оның ішінде 117 көше, бұрылыс, тұйық, өткел), одан бөлек ұзындығы 20,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолын және ұзындығы 73,8 шақырым болатын шағал жолды (оның ішінде 165 көше, бұрылыс, тұйық, өткелдер) жөндеу жоспарланған»,-деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, ұзындығы 10,8 шақырымды құрайтын 3 көшені қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Еске салайық, былтыр шаһарда 150-ден аса көше жөндеуден өткен. Сондай-ақ тұрғындардың өтініші бойынша “Барысхан” алқабында автобус қатынайтын 1 көше, “Бурыл” алқабында 14 көшеге жөндеу жүргізілген.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар