Бүгін Таразда футбол клубының жанкүйерлері қуанышты. Себебі жергілікті “Тараз” футбол клубы “Ақ жайық” командасын өз үйлерінде қабылдап, қонақ жайлық танытпады. Теңбіл доппен көпшілікті телміркен біздің жігіттер қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті,деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңа маусымда тәжірибелі ойыншыларды қатарына қосқан оралдықтар қанша тырысқанымен төлтумаларымен қарсы тұрған тараздықтарға шамасы жетпеді.
Бірінші таймда есеп ашпаған қос команданың бейтараптығын ойынның екінші жартысында “Тараз” клубы бұзды.
Алғашқы голды Санжар Кемелбек салды. Мұнымен тоқтамаған біздікілер есепті еселей түсті. Гол авторы 21 жастағы жампоз Диас Орынбасар . Ойынның 70-ші минуттарында қарсыластар есепті қысқартқанымен, Диас Орынбасар дубль авторы атанып, есепті 3:1 есебімен қорытындылады.
Осылайша берешегі көп жергілікті клуб команданың келешегі айқын екенін көрсетіп, турнирлік кестенің 4-ші сатысына жайғасты.
Жанкүйерлердің де белсенділігі атап өтуге тұрарлық. Ала доп ойынына 2 мыңнан аса жанкүйер келді.
Айта кетейік, легионерлерден ада , тәжірбиелі ойыншыларын айырылып қаржыдан тарыққан “Тараз” футбол клубы облыстың жастарын жетілдіріп, алаңға шығарып отыр. Бүгінгі ойында өнер көрсеткен жергілікті құраманың ең жасы кіші футболшысы 17-де болса, ең үлкені 21- жаста.
Сарапшылардың пікірінше, “Тараздықтардың” ойыны жеңісті бола берсе, премьер-лигаға жолдама алуы да ғажап емес. Ғайыптан тайып күткен нәтиже оң болса, сенсацияның көкесі сонда болмақ.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз