Тараз әуежайында жаңа бағыттар ашыла ма – министр жауабы
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024
- 464
Бүгін Жамбыл облысына ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен келді. Ол алдымен Түркістан мен Жамбыл облысы шектесетін аумақтағы жаңадан ашылған тунельді көріп, жағдайымен танысты.
Бұдан кейін ведмство басшысы Тараз қаласындағы «Достық үйінде» жамбылдықтармен кездесу өткізді. Жиында Марат Қарабаев осымен 16-шы облысқа келіп отырғанын айтып, жергілікті жұртты министрліктің атқарғанын жұмысынан хабардар етіп, жаңа бастамаларды да тілге тиек етті.
Көлік министрі Марат Қарабаев кездесуде жаңа жылдан бастап жылдамдықты шектен тыс асырған жүргізушілерге айыппұл тағы да артатынын айтты. Өйткені, қалааралық жолдарда желдей жүйткитін көлік иелері көбінесе қауіпсіздікті назарға алмайды, салдарынан тас жолдарда талқаны таусылған адамдар саны азаймай отыр.
- Бұл - қауіпсіздікті талап ету бойынша жасалып отырған қадам, - деді министр.
Мұнан кейін жергілікті жұрт өңірдегі өзекті мәселелерді айтып, министрге сұрақтарын қойды. Жалпы жиында облыстағы жолдарға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысының сапасы, заңсыз тасымал, ауданаралық қоғамдық көлік, автобекетті реттеу бойынша сауал-ұсыныстар жолданды. Ал, Тараздағы автопарк басшысы Рашид Пірманов қаланың әуежайынан тек 3 өңірге ғана қатынауға болатынын айтып, жаңа бағыттар ашу бойынша мүмкіндіктер қарастыруды ұсынды. Оның сөзінше, тарихы терең Әулиеата жеріне келушілерге де, облыс тұрғындарына да осы оңтайлы шешім.
- Мен басқа облыстарға барсам да осы мәселені көтереді. Жерінің тарихы терең, туристер келетінін айтады. Бірақ, шыныдығында олай емес. Біз Түркістанға баратын, осындай бірқатар өңірлердің бағыттарын субсидияладық. Бірақ, жолаушылар саны өскен жоқ. Мемлекет үшін тиімсіз. Бірақ, Тараздағы әуежайдың басшылығымен сөйлестім, олар мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын айтты,- деді Марат Қарабаев.
Марат Қарабаев кездесуде министрлік тарапынан салада атқарылған өзге де жұмыстармен таныстырып, азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдады.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024