дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қайырымды іске жиналған қаражатты жымқырған еріктілер қозғалысының белсендісі ұсталды

Қайырымды іске жиналған қаражатты жымқырған еріктілер қозғалысының белсендісі ұсталды
фото - ашық дереккөзден
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді

Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 «Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды. Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге „Mercedes-Benz S450“, 80 млн теңгеге „Lexus LX-600“ және 39 млн теңгеге „Haval“ автокөліктерін сатып алды. Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы „Akbulak Riviera“, „Highvill Ishim Gold“, „Көк Жайлау“ ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ „Vela Village“ коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды.Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы „St. Regis“, „Shangri-La“, „Palazzo Versace“ және „Kempinski“ сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған. Бұл елдерде ол „Cartier“ және „Louis Vuitton“ сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған», — делінген агенттік хабарламасында.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Перизат Қ. өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған.

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар