жұма, 27 желтоқсан, 2024 5:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі

Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
Фото облыс әкімдігінің сайтынан алынды
Бұдан бөлек, Тектұрмастағы «Ежелгі бекініс» нысаны пайдалануға берілмек

Жамбылда жыл соңына дейін 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл облысында ағымдағы жылы 16 мәдениет нысанының құрылысын жүргізуге 3 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылды. 

 2024 жылы 8 мәдениет нысанын пайдалануға беру көзделіп отыр. Бүгінге дейін Байзақ, Жамбыл, Т. Рысқұлов, Талас аудандарында 4 мәдениет үйі мен бір музей ашылды.  

Жыл соңына дейін Жамбыл, Қордай аудандарында 2 мәдениет үйінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Бұдан бөлек, «Тектұрмас» этно-мәдени кешенінде салынып жатқан «Ежелгі бекініс» нысаны пайдалануға беріледі. 

Қалған 8 нысан қаржыландыру жоспарына сәйкес келер жылы ел игілігіне тапсырылады. 

Ағымдағы жылы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы аудандық мәдениет үйін, Т. Рысқұлов ауданы Д. Қонаев ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу жоспарланып, бүгінде жұмыстар бітуге жақын. 

Сонымен бірге 14 мәдениет нысанын, А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрын ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды.  

Айта кетейік, Жамбыл облысында 199 мәдениет үйі мен клуб, 275 кітапхана, 2 драма театр, 1 филармония, 2 кинотеатр, 19 музей мен өзге де орталықтар халыққа қызмет көрсетеді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар