Тараз жұрты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға жиналды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 мамыр, 2024
- 432
31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жамбылдықтар бабалардың рухына тағзым етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш алдына ардагерлер мен аймақтың атқамінерлері, мәслихат депутаттары және жастар, тағы басқа да ұйым өкілдері жиылды. Бір минуттық үнсіздік жасаған олар бабалар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Қасіретті жылдар тек қазаққа ғана емес, сол уақыттағы Кеңес құрамында болған біршама ұлтқа ортақ қаба қайғының ізін қалдырды. Талай отандастың қабырғасын қайыстырған қаралы күн әсте естен шықпайтынын үлкендер жағы атап өтті.
«Бұл күн қазақ елінің болашағы жолында нақақтан құрбан болғандарды еске алу күні. Біз егемендік алғанға дейін небір нәбетті кезеңдер өтті. Оның бірі ашаршылық болса, саяси қуғын-сүргін, репрессияда болды. Біздің елде 105 мыңнан астам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар болған. Соның 25 мыңға жуығы атылып кетті. Бұл коммунистік жүйенің бізге жасағңан нәубеті. Бірақ, қазақ халқы мойымады. Ақырындап болсын осы күнге де жеттік. Осы орайда Жаңа Қазақстанда бабалардың басынан өткен қиыншылық жастарға сабақ болса дейміз. Бұл күндер қайталанбаса екен. Сондықтан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»,- деді облыстық ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері ҚБ төрағасы Дүкенбай Ермеков.
Айта кетейік, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыс басталған. Тәуелсіз республикада қабылданған алғашқы заңдардың бірі - 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң.
2020 жылы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссия мұрағаттық зерттеулер жүргізеді. ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы қуғын-сүргінге қатысты барлық тарихи материалды сақтаудың бірыңғай мемлекеттік қоры құрыла бастады.
Былтыр әртүрлі қуғын-сүргін санаттары бойынша 31 томдық құжат жарыққа шықты. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 311 мыңнан астам адам ақталды.
Қазақстанда 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды.
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024